Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы жігіт Алакөлде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пансионат ашты

24 шілде күні өзінің 24 жасқа толған күнінің ертесіне “Stаrtup Bolashak” сайысының жүлдегері Елдос Баялышбаев Алакөлде ерекше талапқа негізделген пансионат ашты.

DSC_2825______-_______1

Бұл туралы “Желтая газета” басылымы хабарлайды.

5 жыл бұрын Елдос Баялышбаев өзінің достарымен Текеліден таксимен келеді. Бұрылыста көлік жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, көлік жол апатына ұшырап, алты рет аунап түскен. Елдос басы мен омыртқасы жарақаттанады. Жолай кетіп бара жатқан адамдар жедел жәрдемді күтпестен Елдосты таксимен ауруханаға жеткізеді. Оның сынып кеткен сүйектері жұлынын да жарақаттапты.

“Дәрігерлер маған оның сауығып кетуінен еш үміт жоқ деді. Егер Елдос жеті жылдан соң өзі арбаға отыра алса керемет болады. Бұл ең жақсарды дегенде ғана. Ал төменгі деңгейде ол толықтай мешел болып қалмақ. Біз күресуді жөн деп таптық”, – дейді анасы Фатима Тайжанова.

Ата-анасы массаж шебері мен бапкер жалдаған. Алғаш рет жаттығу жасау кезінде ол есінен танып қалады. Сонда да берілмеген.

Кейін Елдос Американың жаттығу залы туралы деректі фильм көреді. Ол Ресейдегі ағасына қоңырау шалады. Мамандығы инженер болып табылатын Саят, інісі үшін арнайы жаттығу құрылымын жасақтайды. Содан кейін жаттығатын құрылғылар санын көбейтеді.

Елдос жарты жыл бойы қозғалуды үйренеді. Жол апатынан кейін 2 жыл өткен соң Елдос жүріс арбасының көмегімен аяққа тұрып, жүріп үйрене бастайды. Алғашқыда 2-3 қадам жасаса, кейін қадам санын көбейте түскен.

Апаттан кейін басынан небір қиын сәтті өткерген Елдос өзге көмек қажет ететін адамдарға қолғабыс ету керек деп шешеді. Ол “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша фитнес-орталық жобасын құрастырып, мемлекеттен 3 миллион теңге алып, өз арманын іске асыруға кіріседі. Оны ата-анасы, достары және қала әкімі Ермек Алпысов та ерекше қолдайды. Анасы құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, әкесі несие алып, жөндеу жұмыстарымен айналысады. Ал қала әкімі 340 шаршы метрлік жертөле жай тауып берген.

????????????????????????????????????

2014 жылы 26 мамырда Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған республикадағы жалғыз сауықтыру фитнес-клубы ашылды. Мұнда арбаға таңылған адамдар Астана, Ақтөбе, Қызылоорда, Алматыдан ағылып келді. 220 адам оңалту процесінен өтіп, оның 35-і аяққа тұрған.

Фитнес-клубтағы жағдай ойдағыдай өрбігенімен, Елдос мұнымен де тоқтап қалғысы келмейді. Алакөлге барған ол жағалаудан бір де бір арбада отырған адамды көрмеген. Жас жігіт сол сәттен бастап Алакөл жағалауында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пансионат ашу туралы ойлай бастайды.

Осы идеяны пісірген Елдос, “Startup Bolashak” жобасының ұйымдастырушыларымен байланысады. Оның жұмысы 2097 жобаның арасынан таңдап алынды.

Астаналық кезең бойынша ол “ВI Grop” компаниясынан 3 млн теңге ұтып алады. Ал Алматы кезеңінде екінші орынға ие болып, тағы 5 млн теңге иеленеді. Жас жігіт өз алдына қалайда биылғы жазда пансионат алғашқы клиенттерін қабылдауы тиіс деп мақсат қояды. Және оның арманы орындалды.

Пансионаттың жалпы аумағы 170 шаршы метр. Сыйымдылығы – 30 адам.

Мұнда тамақтандырумен қатар инватакси, жүзу бойынша бапкерлер, жаттығу сабақтары қызметін ұсынатын қосымша қызмет түрлері де бар. Сондай-ақ, арнайы мамандар мекеме іші мен пансионат аумағында арбамен қозғалу бойынша да көмек береді.

Қазір Елдос Жапоня сыртқы істер министрлігі және Қазақстандағы күншығыс елінің елшілігі жариялаған жобаға қатысуда. Ол конкурс арқылы медицина мен білім саласындағы маңызды әлеуметтік жобаларға қаржы бөлінеді.

????????????????????????????????????

“Бізде құрылымын өзіміз құрастырған және шет елден де көшірген аппараттар бар. Бізге оңалу үшін арнайы бейімделу қажет. Қозғалысы қиын адамдарда қимыл-тірек аппараттары вертикалды орналасады. Сол арқылы қозғалу кезінде олар баланс сақтай алады. Өкінішке орай, ондай аппараттар өте қымбат тұрады”, – дейді Елдос.

Талқылау