Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы қазақстандық Ресейден қайтар жолда жоғалып кетті

Шығыс Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны Артур Лаць 8 қыркүйек күні жоғалып кетті. Әйелінің айтуынша Артур Ресейдегі танысына кетіп, бір күннен соң қайтуға жиналып жатқанын айтыпты. Бірақ сол күйі үйіне оралмаған.

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

“Артур 7 қыркүйек күні Ресейдегі танысына бару үшін үйден шығып кетті. Ол танысын білмеймін, көрген де емеспін. Келесі күні хабарласып, үйге қайтып келе жатқанын айтты. Бірақ келген жоқ. Оның телефоны өшірулі”, – дейді Елена.

Өңірдің ішкі істер басқармасы жігіттің жоғалғаны туралы ақпарат 15 қыркүйек күні түскенін, және іздеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда барлық шекара бекеттеріне бағдарлау хабарламалары жіберілген.

Оқи отырыңыз:

Алматыда дәмхана өртенді (видео)

Астанада Назарбаев университеті аумағында жаппай төбелес болды (видео)

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Талқылау