Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы британдық жігіт “бай әкесінің” ақшасына өмір сүреді

Қыздарды ғана асырап қоймай, жігіттердің де қымбат өмірі үшін ақша төлеуге дайын “бай әкелердің” саны уақыт өткен сайын артып келеді, деп жазады The Daily Mail басылымы.

бой

Фото: Caters News Agency

24 жастағы лондондық Эдвард Оливер өзінің демеушісімен веб сайт арқылы танысқан. Онымен 2 жыл кездесіп жүрген. Оның жұмыссыз жүруі мүмкін еді. Алайда, ол дизайнерлік киімдер киіп, 5 жұлдызды қонақүйде демалады. Айына 2 мың фунт алып отырады.

56 жастағы ер адаммен оны достық пен қаржылай келісімдер байланыстырып тұр.

“Біз аптасына бір рет кездесетінбіз. Алайда, менің серіктесім бұл байланысты үзіп, біз көп уақыт бірге болатын болдық. Мен бастапқыда “әкемді” тек сексуалды қатынас іздейді деп ойлағам. Алайда араласа келе арамызда жақсы қатынас орын алды”, – дейді Эдвард.

Эдвардтың айтуынша, оның отбасы мен достары бұл жайттан бейхабар екен. Олардың ешқайсысы мұндай ақшаның қайдан келіп жатқанын сұрамайтын көрінеді.

“Егер шендығына келсек, бұл жұмыс секілді. Мен қызмет көрсетемін, ол сол үшін ақша төлейді. Қызмет көрсету – бұл адамгершілік қатынас және өзгенің өзін жақсы сезінуі үшін көрсетілетін көмек”, – дейді Эдвард Оливер.

Оқи отырыңыз:

Массажист атын жамылған жезөкше қызыметінің құпиясымен бөлісті

Талқылау