Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы бойжеткен байқаусызда 68 жастағы өзінің туған атасына күйеуге шыққан

Майамиде 24 жастағы бойжеткен 68 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан. Тек үш айдан соң ғана олар бір бірімен туыс екендерін білген.

89

Олар сайт арқылы танысыпты. Ер адам бірнеше қыздың анкетасын қарағанын, ал оның болашақ жары оның көзіне бірден түскенін айтады, деп жазады Florida Sun Post.

«Мен оны алғаш көргенімде ерекше сезімді бастан өткердім. Сосын бұл қызды қайдан көрдім деп таң қалдым», – дейді ер адам. Олар бір бірімен үйленгенге дейін отбасылары жайында сөз қозғамапты.

Тек үш ай өткен соң әйелі күйеуінің ескі альбомын ақтарып отырып, өз әкесін көріп қалады. Ақырында оның туған атасына тұрмысқа шыққаны белгілі болды.

Ер адам әйелімен ажырасқан соң бұрынғы отбасымен байланысын үзген. Сондықтан немересінің қандай екенін де білмеген екен. Ал, бойжеткен де отбасымен араласпай кеткен. Ол мектепте оқып жүріп жүкті болып қалғандықтан оны әкесі үйінен қуып жіберген екен.

Алайда, жұбайлар бір-бірімен жақын туыстығына қарамастан ажырасып кетпеген. Олар тіпті мұндай жағдайдың да оларды ажырата алмайтынын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Той көйлегін сәтсіз таңдаған әлемдегі 20 қалыңдық (фото)

Жалғызбасты көпбалалы ана 13 жылдан бері үй кезегінде тұр

Түрияда демалып жүрген Линдси Лохан саусағының жартысынан айырылды (видео)

Талқылау