Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 өзбек азаматының төлқұжаттарына соғылған мөр жалған болып шықты

«Сарыағаш» шекара отрядының «Сарыағаш теміржол» бақылау бөлімшесінде (қазақ-өзбек шекарасы) кеше түс кезінде шекарашылар «Алматы – Нөкіс» бағытымен кетіп бара жатқан №322 жолаушылар пойызынан ең егдесі елу жетідегі, ең кішісі он тоғыздағы 24 Өзбекстан азаматын түсіріп, алып қалды.

шекара

Бұл азаматтар мен азаматшалардың ұсталу себебі – барлығының төлқұжаттарына соғылған Алматы қаласы бойынша миграциялық полиция бөлімінің 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін біздің елде жүруге рұқсат беретін қолдан жасалған № 1705 мөрі.

Ұсталғандармен ҚР Қылмыс кодексінің 385 бабының 3 бөлігі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы айналысатын болады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Талқылау