Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

24 мың теңге үшін: Анасы досына 11 жастағы қызын зорлауға рұқсат берген

Аргентинаның Ла Банда қаласында әйел өзінің азаматтық некедегі күйеуінің досына 11 жастағы қызын зорлауға рұқсат берген. Ол үшін әйел 65 доллар (24 мың теңгеден аса) сұрапты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел сұраған ақшасын алғаннан кейін қызын күдіктімен оңаша қалдырған. Ол қайтып келгенде, ер адам қызды зорлап, үйден шығып кетіп үлгерген. 

Артынша әйел қызының шағымданғанын естіп, оны өтірік айтты деп айыптаған. Сонымен қатар полицияға арызданбайтынын айтыпты. 

Мұнан кейін 11 жастағы қыз болған оқиға туралы тәтесіне айтып беріпті. Өз кезегінде ол құқық қорғау органдарына шағымданған. 

Қазіргі уақытта қыздың анасы мен күдікті тұтқындалды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр