Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24.kz телеарнасының директоры Бэла Құдайбергенованың мәлімдемесі бойынша өз ойын айтты

Мемлекеттік «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының құрамындағы «Хабар» мен 24.kz телеарналарының Лондондағы тілшісі болған Бэла Құдайбергенова жұмыстан кету туралы даулы мәлімдемесінен кейін сұхбат беріп, ол әрекетінің себебін түсіндірген еді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

DC2C86F2-655C-4ABF-ABA0-ECC645C129C7_w640_r1_s_cx12_cy4_cw68

Ал 24.kz телеарнасының директоры Арман Сейітмамыт Бэла Құдайбергенованың әлі күнге дейін ресми тілшілері екенін айтады.

Бэла Құдайбергенова сұхбатында жұмыстан кететінін мәлімдеген соң «Хабар» мен 24.kz басшылығының кейбір адамдарға өзімен араласуға тыйым салғанын айтқан. Бұл жайлы не дейсіз?

«Бұл сөзіне жағамды ұстап отырмын. Ешкімге ондай нәрсе айтылған жоқ. «Бэламен араласпаңдар, онымен сөйлеспеңдер» деген әңгіме айтылған жоқ. Бэла Құдайбергенова – әлі күнге дейін біздің ресми тілшіміз. Ол әлі ешқайда кеткен жоқ. «Мен ауырып жатырмын» деп бізге еңбекке жарамсыздық парағын берді, басқа ештеңе істеп жатқан жоқ»,-деді Арман Сейітмамыт.

бэллллллллллааа

Сонда ол жұмыстан кету туралы өтініш берген жоқ па?

«Ешқандай өтініш келген жоқ. Сондықтан ана жақта, айдалада отырып алып, бірдеңе айтуы… Әрине, өзі біледі ғой не деймін десе де»,-деді Арман Сейітмамыт.

Бэла Құдайбергенова ресми түрде сіздерде әлі жұмыс істейтін болса, телеарналарыңыз жайлы сынынан кейін жұмыстан шығаруларыңыз мүмкін бе?

«Оның айтқандары сын емес, ол өзінің жеке пікірін білдірді. Мына жақтағы бүкіл әріптестеріне бекерден бекер күйе жағып отыр. Жұмыстан шығарамыз ба, шығармаймыз ба дегенге келсек, шығарар болсақ, оның әлеуметтік желіде, баспасөзде берген сұхбатына сүйенбейміз»,-деді Арман Сейітмамыт.

Бэла Құдайбергенованың 24.kz телеарнасы тілшісі ретіндегі жұмысы қандай еді? Сіздіңше, оның мұндай мәлімдеме жасауына не себеп болды?

«Қызметтік ескертулері болған. Жұмыс болған соң бәрі болады. Мұның бәрі – «Хабар» агенттігінің ішкі мәселесі, оны сыртқа жаятын жағдайымыз жоқ.Қазір – қаржы тапшылығы. Соған байланысты «Хабар» агенттігі шетелдегі бірнеше тілшілер қосынын жабуға шешім қабылдады. Солардың ішінде Лондон да бар. Қызметкерімізді далада қалдырмас үшін біз оған Мәскеуге не Астанаға ауысуға ұсыныс жасадық. Ол кісіден «Мәскеуге ауыспаймын, Мәскеуге қарсымын» деген жауабын алдық. Егер Мәскеуге қарсы болса, онда Лондонда ұстап отыратын қаржымыз жоқ. Мәселенің бәрі осы қаржыға тіреліп тұр. Бітті, саяси астар да жоқ мұнда»,- деді Арман Сейітмамыт.

Тілшіңізбен жұмыстан кететінін мәлімдеген 3 желтоқсаннан бері сөйлесе алдыңыз ба?

«Мен осы жағдайдан кейін Бэлаға бірнеше рет «Агент», Skype хабар алмасу қосымшалары арқылы хат жаздым. Бірақ одан жауап жоқ. Facebook-те мені бұғаттап қойған, сондықтан оның онда не жазып отырғанын білмеймін, оқи алмаймын. Өзі менімен хабарласқан жоқ»,- деді Арман Сейітмамыт.

Бэла Құдайбергенова сіздерден «өтірік айтудан шаршағандықтан» кететінін де айтқан. Бұл сөзіне қатысты не дейсіз? Телеараналарыңызда мұндай уәжбен жұмыстан кеткен тілшілер болып па еді?

«Менің білуімше, ондайлар болған емес. Бэланың сөзін мұқият тыңдасаңыздар, жалпылама сөзден басқа нақты ештеңе айтылмаған. Қай материалында қандай өтірік айтқанын нақты айтсын. Журналистер өтірік айтпайтынын өздеріңіздер де білесіздер. Оның үстіне біз ешқашан өтірік айтып көрген жоқпыз. Мен өзім журналистерден өтірік айтпауды үнемі талап етемін, «ақпарат өтірік болмасын, бәрін тексеріп алыңдар алдымен» деймін. Бұл қарапайым нәрсе ғой»,- деді Арман Сейітмамыт.

 

Читайте также:

Казнет обсуждает “уставшую от вранья” журналистку “Хабара”

Талқылау