Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы мүмкіндігі шектеулі ақтөбелік ауылда тұшпара цехын ашты

«Даму» қорының аймақтық филиалында «Жұлдыздарға қара» байқауының екінші кезеңінде жеңіске жеткен мүгедек кәсіпкер Есет Абдоллаевқа қондырғыны табыс етті.

r2c3grth

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

23 жастағы Байғанин ауданының тұрғыны Есет Абдоллаев «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өз ісін ашты.
Есет қарауылкелді ауылында 2013 жылы етті сату және қайта өңдеу бойынша іс ашқан. 2015 жылы

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша тұшпара цехын ашу үшін 2 млн. теңге сомасы көлеміндегі грантқа ие болды.

«Ауылымыз облыс орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан. Сәйкесінше, азық-түлік, соның ішінде тұшпара бағасы қымбаттырақ. Тұшпараны қолмен дайындаймыз. Бір келісін 600-ден сатамыз. Облыс орталығынан әкелінетіндердің құны 700-750 теңгеден. Цехымыз ауыл дүкендеріне тұшпара, котлеттер және тартылған ет жеткізеді», – деді Е.Абдоллаев

«Даму» қорының кеңсесінде Есетке жұмысы үшін қажетті жалпы сомасы 300 мың теңгені құрайтын мұздатқыш пен өндірістік еттартқышты табыс етті.

Талқылау