Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы әйел жүктілігінің арқасында рак дертіне шалдыққанын білген

22 айлық сәби Уолва Рау Портер сирек кездесетін жасушалық ауруға шалдыққан. Бұл дерт нәрестенің тыныс алуына, жүрегіне, ас қорыту жүйесі мен тамырларына зиянын тигізеді. Соның салдарынан кішкентай бөбек әрі кетсе үш жыл өмір сүруі мүмкін.

PAY-MUM-MAKE-MEMORIES-BABY-SAVED-HER

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алайда өзі науқас болса да, кішкентай Силваға 23 жастағы анасы Кэти Хэнсонның айтар алғысы шексіз. Себебі ол қызының арқасында жатыр мойыншағы обырына шалдыққанын білген. Яғни, диагноз жүктілікке анализ тапсыру барысында анықталған.

Бұдан кейін дәрігерлер Кэтиге аборт жасатуға кеңес берген. Алайда әйел ешкімді тыңдамастан сәбиін дүниеге әкелуге бел байлайды. Ал босанғаннан кейін ақ халаттылар оның жатырынан үш дюймді обырды алып тастаған.

PAY-MUM-MAKE-MEMORIES-BABY-SAVED-HER (2)

Қазіргі уақытта АҚШ-тың Сиетл аймағында тұратын Кэти қызымен бірге мейлінше көп уақыт өткізіп, онымен бірге неше түрлі естеліктер жасауға тырысып жүр. Ол өзінің өмірін құтқарған перзентіне дән риза.

«Уиллоу менің құтқарушым. Себебі екіқабат болмасам, мен жатыр мойыншағы обырына шалдыққанымды ешқашан білмес едім. Дәрігерлер маған аборт жасатуға кеңес берді. Бірақ Уиллоу менің өмірімді құтқарды. Ал қызыма қойылған диагнозды естігенде аспан айналып жерге түскендей күй кештік.

PAY-MUM-MAKE-MEMORIES-BABY-SAVED-HER (3)

Жағдайы жақсарған күннің өзінде, ол әрі кетсе 10 жыл өмір сүреді. Ал орташа есеппен алғанда 3 жастан 5 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін. Жалпы мұндай диагноз 2 миллион баланың біреуінде ғана болады. Десе де, ештеңеге қарамастан, біздің басты мақсатымыз – оның бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету», – дейді Кэти.

PAY-MUM-MAKE-MEMORIES-BABY-SAVED-HER (1)

Жіберіп алмаңыз:

59 жастағы Мадонна алғаш рет өзінің алты баласын көрсетті (фото)

Өзбекстан президенті Инстаграмнан парақша ашты

70 жастағы әжей купальник жарнамалайтын “ең қарт модель” атанды (фото)

Перзентханадағы лифтке қысылып қалған жүкті әйелдің денесі екіге бөлініп кетті (фото)

Талқылау