Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 қыркүйек – күн мен түннің теңелуі: бұл кезде қандай ойларды іске асырған жөн?

2018 жылдың күзгі күн мен теңесу күні 23 қыркүйекке келеді. Күн мен түннің теңесуі – жыл сайынғы астрономиялық құбылыс, теңелу сәтінен бастап күн қысқарып, түн ұзара бастайды.

23 қыркүйек - күн мен түннің теңелуі: бұл кезде қандай ойларды іске асыруға болады?

Бұл табиғи құбылыстан кейін солтүстік жер шарында астрономиялық күз басталып, оңтүстігінде – көктем басталады.  Осы сәтте бірнеше күн жалғасатын қоңыр күз түсіп, артынан ауа райы құбылып, қыстың белгісін көрсетер суық кездер басталады.

Өзіндік энергетикалық қасиеттеріне қарай теңелу күнін жаңа ай туылған күнге балайды. Жаңа ай туылған күндей, теңелу күні де жаңа бастамалар үшін сәтті болады. Сондықтан, жаңа бастамаларды қорықпай бастауға болады және бір ерекшелігі осы күнде көптен бері іске асырылмай жүрген істер оңынан болады.

Бұл күні адамдар үйлері мен аулаларын тазалағандары жөн. Осы кезде бойдақ жандар өздерінің махаббатарын табуы да мүмкін екен. Сол үшін де жалғыз жүрген қыздарға осы түні бастарына екі жастық жастап жатуға кеңес беріледі.

Осы күні барынша бақыт пен сәттілікті шақыруға тырысу қажет. Шешілмей жүрген сұрақтар мен мәселенің барлығын осы сәтте шешуге тырысқандар, көптеген жағымды жауаптар алулары әбден мүмкін.

Күзгі теңелу кезінде адамдар бау-бақша, егін өнімдерін жинап, табиғатқа қыс алдында берген азығы үшін алғыстарын білдіру мақсатында сайран салады. Бұл күні судың таңға дейінгі қасиеті ерекше болады, ежелгі заманда теңелу күнінде таңға дейін суға түсіп үлгерген әйелдер сұлулықтарын көпке дейін сақтай алған екен. Ал баланы табалдырықта тұрғызып, үстіне су құйса, оның денсаулығы сол жыл бойы жақсы болады делінген.

Тағы бір қызық салттардың бірі – ескі заттарды өтреу болып саналған, адамдар осы арқылы өткен жылдың жаманшылықтары кетірген. Әлі күнге дейін күн мен түннің теңелуі – барлығын қорытындлауға өте ыңғайлы кезең болып есептелінеді. Бұл мейрамды бүгінде тойлайтын халық шығыс пен батысты қарсы алып, барлық ескіден арылып, жаңа өмір бастауға бекінеді.

  • Халықтың айтуы бойынша, осы күні ауа райы қандай болса, күз мезгілі де солай болады екен.
  • Осы күні шетен ағашындағы жидек көп болса, күз жаңбырлы, қыс суық болады.
  • Шетен ағашының жапырақтары сарғайған болса, қыс ерте басталып суық болады.
  • Емен жаңғағының жемісі көп болса, Жаңа жыл кезі қарлы болады.
  • Бұл күні ауа райы жылы әрі құрғақ болса қыс мезгілі қолайлы болады.
  • Теңелу күні құстар қайтса да суық ызғарлы қысты күту керек.
  • Егер қыркүйек айында найзағай ойнаса, күз жылы болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау