Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

23 күндік комадан кейін ес жиған: Ақмолада шенеунікті мүгедек қылған қаскөй әлі бостандықта жүр

Ақмола облысының Степногор қаласында әкімнің аппарат жетекшісіне шабуыл жасаған адамды полиция әлі күнге дейін ұстаған жоқ. 1 жарым жыл бұрын болған оқиғаға қатысы бар адам бейнебақылау камерасына да түсіп қалған еді. Қазір 33 жастағы Владимир Бессуднов – екінші топтағы мүгедек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Kylmysker

Степногорде «қала күні» аталып өтіп, мерекелік шаралардан соң, қала әкімі аппаратының жетекшісі Владимир Бессуднов, үйіне қайтып келе жатқанда соққыға жығылған болатын. Шенеунікке жасалған шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. Онда қолына таяқ ұстаған адамның аса бір сақтықпен Владимир Бессудновтың соңынан еріп келе жатқаны анық көрінеді. Сол жолы көпқабатты үйдің ауласынан ес-түзсіз күйде табылған ол, 23 күн комада жатып, ес жиған. Дәрігерлер екі рет ота жасап бас сүйегінің сынған бөлігін пластикпен ауыстырған.

"Екі бірдей бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қалайша полиция оны таба алмай отыр? Прокуратураға да шағымдандық. Қылмыскер бостандықта. Ұлым мүгедек болып қалды. Жалғыз қалдыра алмаймыз. Көшеде де еріп жүру керек. Ауы-ауық есінен танып құлап қалады", - анасы Лариса Бессуднова.

Соққыға жыққанымен қоймай қаскөй жәбірленушіні тонап та кеткен. Аяқ киімі мен қолындағы жүзігін, қалтасындағы әмиянын алған. Оқиғаны көрген куәгерлер болғанымен, полиция қылмыскерді әлі іздеп жатыр.

Anasy

"Тонау деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі кешенді тергеу амалдары жүргізілді. Ешқандай нәтиже бермегендіктен, іс уақытша тоқтады. Бірақ жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр",  - деп жауап берді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук. 

Жалғыз ұлдарының мынадай мүсәпір халін көріп отырған әке-шешенің де денсаулығы мәз емес. Полиция қылмыскерді таппаса, елордаға дейін баратындықтарын айтады қос зейнеткер.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр