22 жылдан кейін өш алған: Анасының өліміне кінәлілерді өлтірген азамат өлім жазасына кесілді

Қытайда ер адам 20 жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған анасы үшін кек алып, оның өліміне кінәлі адамдарды өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

22 жылдан кейін өш алған: Анасын өлтіргенді жер жастандырған азамат өлім жазасына кесілді

Анасын ажал құштырғандарды өзі жазалағаны үшін өлім жазасына кесілген 36 жастағы Чжан Коукоу енді өзіне шығарылған үкімге шағымданбақшы. Ол осыдан бір жыл бұрын болған оқиғаға кінәлі деп танылған еді.

2018 жылдың 15 ақпанында Қытайдың ауыл шаруашылық күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі тойланып жатқан болатын. Сол күні Чжан 1996 жылы Шаньси провинциясында қайтыс болған анасының өліміне кінәлі деп есептеп жүрген көршілерінің үйіне келіп, үй иелеріне шабуыл жасады.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол аулада 70 жастағы көршісі Ван Цзысинға бірнеше рет пышақ сұғып, содан үйге кіріп, тағы бір пышақ пен жанатын қоспасы бар екі шөлмек бөтелкені алып кеткен. Сөйтіп, ол қолындағы пышағымен барып Ван Цзысиннің 40 және 46 жастағы ұлдарын өлтіріп, содан кейін автокөлікті өртеп жібереді.

Мәліметтеге сүйенсек, Чжанның анасы 22 жыл бұрын Ван Чжэнцзюнмен болған даудың нәтижесінде қайтыс болған. Жанжал кезінде Чжанның анасы Ван Чжэнцзюннің бетінен металл бөлшекпен ұрып жібергенде, ол жауап ретінде әйелдің басынан ұрған. Соның нәтижесінде әйел қайтыс болып кетеді. Сол кезде 13 жастағы Чжан бұл оқиғаны өз көзімен көрген екен.

Бірақ, оқиға кезінде Ван Чжэнцзюнь кәмелеттік жаста болмағандықтан және жанжалды әйелдің өзі бастағандықтан, оны тек жеті жылға ғана бас бостандығынан айырды. Ал қайтыс болған адамның отбасы 1,4 мың доллар айыппұл төлеуге міндетті болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр