22 жылдан бері сахнада жүрген Мәдина Сәдуақасова алғаш рет ән сапарға аттанбақ

Мәдина Сәдуқасова, шығармашылық жолда ширек ғасыр жүрсе  де, концерттік турне өткізіп көрмеген санаулы жұлдыздар қатарында. Алайда өнерпаз, бұл олқылықты қалай да түзеймін деп отыр. Алғашқы ән сапарына құрған жоспарлары туралы, Мәдинаның өз аузынан естиік.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Жиырма екі жыл сахнада жүріп, әлі бір де бір рет арнайы, тек қана сондай бір үлкен концертпен өзімнің концерттік бағдарламмен ауыл-аймақтарды, қалаларды аралап көрмеппін”, – дейді Сәдуақасова.

Наурыз айнынан  басталатын концерттік турненің аясында, әнші Монғолия қалалары мен Қазақстанның әр өңірін аралауды жоспаралап отыр. Ал, оған дейін Сәдуақасова шығармашылығына мықтап кіріспек. Әншінің жуырда ғана «Иә дедім» атты трегіне су жаңа бейнебаяны жарық көрген болатын. Бұл туындының, Мәдина үшін орны ерекше.

 

Соңғы уақытта Мадина Садуақасова өзге әншілермен дуэт жазып, өз аудиториясын кеңейтуде. Дегенмен, Айри екеуінің туындысына көп сын айтылды.

“Кісілер өлеңді тыңдамай жатып, тек қана мәтініне қарап, Мәдина қалай, қалай өзі, маған ешкім жетпейді, мен ең керемет деп айтып жатыр ма деп, түсініп қалады. Бірақ ол олай емес, ол жерде әрбір әйел адам, қыз бала өзінің ерінің тек қана жалғызы болғысы келеді. Ол сондай мағынамен айтылып жатыр”, – дейді әнші.  Сынға құлақ аспауды жөн көрген әнші, «Өзгелер мендей бола ала ма?» туындысына бейнебаян таспалауды да жоспарлап қойған көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Алагөзова вайн түсіріп, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Ернар Айдар: Әкем мен анамның бет сүйістіріп амандасқанын көрмеппін

Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен кездесіп жүргенін жоққа шығарды

Тағдырдың еркесі: Танымал нумеролог Төреғалидің адал әрі сенгіш жан екенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар