Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 жастағы қазақ баласының есімі Марс бетінде мәңгі қалатын болды

 

Жеті жылдан бері НАСА-ға ерікті ретінде көмектесіп келе жатқан 22 жастағы павлодарлық Дамир Бекбаевтың фамилиясы ойып жазылған кремнийлі чип InSight зерттеу миссиясымен Марсқа ұшып бармақ.

Бұл туралы BNews.kz жазады.

Өзінің есімі жазылатыны туралы хатты Дамир электронды почта арқылы алған. Бірақ, оның сөзінше мұны ұйымның ресми сайтына өзі туралы мәлімет жолдайтын әрбір адам істей алады.

НАСА зертханасы 2018 жылдың мамыр айында Марстың жоғарғы бөлігін зерттейтін жер серігін ұшырады. InSight кораблі планетаның жоғары бөлігіндегі жанартауларды зерттеп, сейсмометр құрастыру арқылы планетаның терең қабатын да тексереді.

“Мен 15 жасымнан бастап НАСА-ның ғарышты игеруге қатысты бағдарламаларына қатысып келемін. Осы күнге дейін бөгдепланеталықтар, түрлі нысандар, пульсар сигналдарын зерттеп, тұман картасын жобалау мен жаңа жұлдыздардың пайда болу процестерін зерделедім. Milky Way бағдарламасына жер шарының 800 мыңға жуық тұрғыны қатысуда”, – дейді Дамир.

Анасының айтуынша Дамир ғарышты бала кезінен армандаған, және оның ең сүйікті кітабы да ғарыш энциклопедиясы екен.

“Дамирдің денсаулығы ғарышкер болуға мүмкіндік бермесе де, осы ғарыштың айналасында жүріп зерттеулер жүзеге асырғысы келеді. Ал өзі үнемі ғарышкер Айдын Айымбетовпен байланысып, сөйлесіп тұрады”, – дейді Жанна Бекбаева.

Астрономиядан бөлек Дамир хоккеймен айналысып, нанотехнологияның дамуын зерттеп отырады екен.

Тағы да оқыңыз:

Жаңа латын әліпбиін құрастыру үшін қанша қаражат жұмсалды

Жамбыл облысында 21 жастағы жас ана үшемді өмірге әкелді

Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған

ОҚО-да мақта теруге барған жасөспірім мақта ішінде тұншығып өлді

Талқылау