Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 жастағы бойжеткен жанұясының қарызын қайтару үшін абыройын 1 млн долларға сатады

Қыздың айтуынша, қарыздың көптігі мен қаржының жетіспеушілігі оны осындай шараны қолдануға мәжбүрлеп отыр. Ол өмірінде бірде-бір рет кездесулерге барып көрмеген.  Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Бразилиялық 22 жастағы студент Даниэль Брин қарызға белшесінен батқан. Ол ауқатты жанұядан шықпаған. Қарызды Даниэль Бриннен басқа ешкім қайтара алмайды. Ол тіпті осы үшін жарты күндік жұмысқа орналасты. Жұмысты оқуымен бірге алып жүрді. Бірақ онысынан ешнәрсе шықпады. Сондықтан ашынған ару өз абыройын аукционда 1 млн долларға сатуға шешім шығарды.

“Мен бәрі қалай өтер екен деп уайымдаймын. Сатып алушы джентельмен болар деп үміттенемін. Мен қорқамын, бірақ менің басқа амалым жоқ. Мен қарыздарымнан құтылып, жанұяма үй алып бергім келеді”, — дейді ол.

Daily Mail басылымының айтуы бойынша, 22 жастағы студент бірінші кезекте өз анасы мен кішкентай сіңлісін барлық қажеттіліктермен қамтамасыздандыруды жоспарлап отыр. Ал қалған ақшаны тиімді кәсіпке салады. Осылай ол өзін қорғағысы келеді.

22 жастағы бойжеткен жанұясының қарызын қайтару үшін абыройын 1 млн долларға сатады

“Мен осыған дейін болған барлық сауданы зерттедім. Менің абыройымды миллион долларға сатып алады деп санаймын. 220 мың евро ұсынғандар болды. Бірақ мені біреу бұдан да жоғары бағалайды деп үміттенемін”, — дейді бойжеткен.

Даниэль Брин бірде-бір рет кездесулерге барып көрмеген.  Ол ұялшақ, сондықтан ер адамдардың жанында  өзін қалай ұстау керектігін білмейді. Ең құндысын сатылымға қою арқылы Даниэль Брин оны бір сыпайы жігіт сатып алады деп үміттенді.

Талқылау