Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 жастағы Тараздық ғаламтор жұлдызына айналды

Ғаламтор әлемінде әр-түрлі өнерлерін  көрсетіп жаткан талай қазақ баласы бар. Олардын бірі, шебер түрде атақты өлеңдерді орындайтын, 21 жастағы ерекше дауыс иелерінің бірегейі Дәулет Болатов күннен күнге танымал болып барады.

тараздық

Талантымен топ жарып жүрген азаматты сүйіп тыңдайтын да адамдар аз емес. Өнерде қалай қадам бастағанын және болашаққа қандай мақсаттар қойғанын ZTB.kz сайтына Дәулет өзі айтып берген.

Дәулет 1994 жылы, 10-шы Қараша Жамбыл Облысы, Тараз қаласында дүниеге келді. Тараз қаласындағы Қазақ-Түрік лицейін бітірген.

Осы 2015 жылдың ақпан айынан бастап, қазақ xалқының жарық жұлдызы, ұстазы Қайрат Нұртаспен бірігіп, қазақстанның барлық қалаларын аралап концерттік тур жасады. Қазіргі таңда Қайрат Нұртаспен бірлесіп шығармашылықпен айналысуда.

“Өнерге деген әуестігім 2011-ші жылы ашылып, қазақстан эстрадасындағы және дүние жүзіне “Хит” болып жатқан әндерді гитарада ойнап, яғни сover қылып айтып, “Youtube” сайтына сала бастадым. Қазіргі таңда сол “Youtube” сайтында 3 000 000-нан аса көрсетілімге ие болдым”, – дейді Дәулет.

Жас әңші 2011-ші жылы ресейлік “Жұлдыздар фабрикасы” жобасына қатысып, көптеген Қазақстан, Ресей және АҚШ жұлдыздарымен (Boney-M, Батырxан Шукенов, Валерий Меладзе, Алексей Чумаков, Александр Панайотов, Доминик Джокер, т.б) бірге ән шырқап, ақтық мәреге жетіп, жүлдегер атанды.

2012-ші жылы Баян Есентаеваның “Саз әлемі” атты жобасында, әні: Ринат Гайсин, Байғали Серкебаев (А-Студио), сөзі: Әбдраxман Асылбек – “Әгугәй” атты әнімен “Жылдың үздік әні” номинациясын жеңіп алды.

“Осы жобаларда қобалжу, күйзеліс сияқты қиын және ауыр сәттерді бастан өткеріп, xалықтың ыстық ықыласына бөленгеніме Аллама мың да бір шүкір деймін! Қазіргі таңда жаңа әндер жазу үстіндемін, сонымен қатар Қайрат ағамен де әндер жаздырудамыз, алдағы уақытта бейнебаян түсіріп, концерттер кою жоспарда бар!” – деп Дәулет бізбен бөлісті.


Талқылау