Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 жастағы көкек ана баласын қайта бауырына басқысы келіп жүр

Оралда жаңа туған нәрестені құрылыс алаңында тастап кеткен ана баласын қайта бауырына басқысы келеді. Бес ай бұрын туған сәбиінен безінген 21 жастағы әйел қазір балалар үйіне жиі келіп,  ұлымен қауышып тұрады екен. Тіпті баласын өзімен бірге алып кеткісі келетінін жеткізген.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бес ай бұрын құрылыс алаңында шырылдап жатқан жерінен табылған нәресте қазір өсіп қалған. Өздігінен басын ұстап, ойыншықтарға да елеңдей бастаған. “Мейірім” балалар үйінің мамандары мейлінше мейірімін төгіп, баланы бағып отыр. Дәрігерлер сәбидің денсаулығы қалыпты дейді.

“Жағдайы қанағаттанарлық. Баланы шешесі алып кеткісі келеді. Қалалық білім бөлімінің рұқсатымен балаға келіп тұрады. Болашақта өзі алғысы келеді”, – дейді “Мейірім” Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған бөбектер үйінің дәрігері Гүлнәр Сүндетова.

Туа бітті тастанды бала атанған сәбидің тағдырына енді мамандар алаңдаулы. Тіпті бір жарым айлық сәбиді өлім аузында тастап кете барған әйелді ата-аналық құқығынан айыру керек деп санайды.

“Менің ойымша баланы анасына беру мүмкін емес деп ойлаймын. Себебі анасы оны құрылыс нысандарына қалдырып, қауіп төндірді”, – дейді Талдықорған қалалық білім бөлімі балалардың құқығын қорғау секторының меңгерушісі Әмір Тұяқбаев.

Туған ұлын далада қалдырған анаға қоғамның да көзқарасы қатаң. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бес ай бұрын Орал қаласындағы құрылыс алаңынан жаңа туған нәресте табылған болатын. Шырылдап жатқан шақалақты кешкілік уақытта аумақты тексеріп жүрген күзетші  тауып алған. Артынан сәбидің анасы 21 жастағы әйел екені анықталды. Енді тастанды бала баланың тағдырын сот шешеді.


Жіберіп алмаңыз:

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді

Қымбат көлігі бар коттеджде тұратын отбасы табысын жасырып әлеуметтік көмек алып келген

Қатерлік дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Алматыда көлік ішіндегілер жаяу жүргіншіні атып кетті (видео)

Талқылау