Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 жастағы қазақ жігіт жарты жылдан бері Қытайдан Қазақстанға келе алатын емес

Нұғман Дәуіров Алматыдан Үрімшіге бір апта уақытқа аттанған. Туыстарының айтуынша, жігіт ол жақта қамауға тап болған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

98

Анасының айтуынша, Нұғман күзде үйленетін болғандықтан жиһаз сатып алмақшы болып аттаныпты. Жолай бір танысының үйіне соққан. Танысы оны қонақүйге дейін жеткізіп саламын деген екен. Көлікке олармен бірге төрт адам отырады. Олар жігітті күштеп пәтерге алып келіп, ұрып, қолхатқа қол қойдырып алған. Нұғман оларға 190 мың доллар төлеуі тиіс.

“Ол ұлымды ағайыным дейтін. Ол менің үлкен ұлыммен төрт жылдай жұмыс істесті. Не үшін бұлай жасағанын білмеймін. Оны ұрғаны, оны ұрлағаны ештеңені дәлелдемейді”, – дейді анасы.

Жігітті тұтқыннан құтқаруға танысы көмектескен. Ол анасының өтініші бойынша полицияға шағым жазады. Нұғманды жібергенімен, ол елге келіп үлгермеген. Оны тұтқында ұстаған әйел сотқа беріп, ақшасын қайтаруын талап етіп отыр екен.

Қазір дипломаттар қазақстандық жігітке көмек көрсетуге тырысып жатыр. Қытайдағы Қазақстан елшілігі жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Алматылықтың қашан елге оралатынын тап басып айту қиын. Тек белгілісі сыртқа шықпау туралы қолхаттың күші қазан айының ортасында ғана жойылады.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды (видео)

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Талқылау