Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20th Century Fox бүркітші қазақ қызы туралы ертегі түсірмек (фото, видео)

20th Century Fox Animation студиясы ең жас бүркітші ретінде күллі әлемге танылған Моңғолиядағы қазақ қызы туралы жастар аудиториясына арналған шытырман оқиғаға толы деректі фильмнің ремейкіне құқықты сатып алу бойынша келіссөзді аяқтап қалды.

20160412093852

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20160412093904

Фильмге құқықты сатып алу ерекше қадам ретінде бағалануда, 20th Century Fox Animation студиясының бәсекелесі – Sony өзінің Sony Pictures Classics лейблінің көмегімен деректі фильмге солтүстікамерикалық құқықты сатып алды. Бұл мәміле 2 млн доллар деңгейінде бағалануда.

20160412093845

Сондай-ақ Латын Америкасы, Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Скандинавия және Азияға тарату құқығын қамтиды.  20th Century Fox Animation ремейк түсірілімінің әлеуетін қарастырды. Студия деректі фильм желісімен ертегі түсіруді жоспарлауда, қазір келіссөздер жүріп жатыр.

20160412093849

Режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntres» деректі фильмі ата-баба дәстүрін жалғастырып, бүркітшілік кәсіпке ден қойған қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы болмақ.

20160412093856

Отто Белл Ұлыбритания режиссері, бірақ Нью-Йоркте жұмыс істейді. Ол 15-ке жуық қысқа метражды фильм түсірген. Айшолпан әкесімен бірге фильмді көрсету үшін  Моңғолиядан АҚШ-қа келген.

Безымянный

Талқылау