Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тумасы Канадада 7 жылға қамауға алынуы мүмкін

Канадада тұрып жатқан Қазақстан тумасы Карим Баратов Америка сотының шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін,-деп жазды 31 арна.

Хакерге «Ресей тыңшыларымен бірігіп, Yahoo желісіндегі жарты миллиард есептік жазбаларды бұзып кірді» деген айып тағылып отыр. Сан-Франциско қаласында өткен соңғы сот отырысында Баратов өзінің бұл іс бойынша кінәлі екенін мойындады.

22 жастағы Карим Баратов Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің офицері Дмитрий Докучаевтың тапсырысымен 80-ге жуық жеке аккаунтты бұзып, бұл жұмысына қомақты ақы алған -деп айыпталып отыр.

Прокурорлар хакер бұл қызметін ғаламторда жарнамалап, электронды жәшікке жасалған әрбір шабуыл үшін 60 доллар сұрағанын, ал ресейдің қауіпсіздік қызметі оған 100 доллардан ақы ұсынғанын дәлелдеген.

Айыпталушының канадалық көршілері жергілікті арналарға «жас жігіт өзінің шулы көңіл көтеру кештері мен қымбат көліктерімен естерінде қалғанын» айтқан. 2014 жылы Yahoo аккаунттарына жасалған жаппай шабуылдардан кейін сайт құны 350 миллион долларға төмендеп кеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Жеңіс Ысқақова: Келінімді үйде қалдырып, өзім бөлек шығып кеттім

Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым

Қызылордада денесі суып, есінен танғанына біраз болған баланы мешіт имамы құранмен тірілтті

Құдай жалғыз: Баян Мақсатқызы мешітте де, шіркеуде де өзін жайлы сезінетінін айтты

 

Талқылау