2050 жылға қарай қазақстандықтардың басым бөлігі елдің оңтүстігінде тұрмақ

2050 жылы Қазақстан халқының 55 пайызы оңтүстік облыстарды мекен етпек. Бұл туралы ҚР парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

file_1319447410_484266325

“Біздің ұлттық эксперттер жүргізген болжам бойынша қазіргі таңдағы демографиялық және миграциялық үдерістерді есепке ала отырсақ, онда 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлердегі халық саны 5,2 миллион адамға көбейеді және бұл еліміздегі халықтың 55 пайызын құрамақ”, – деді Дүйсенова.

Оның сөзінше, сол уақытта оңтүстік облыстардағы халықтың тығыздығы солтүстік өңірлерге қарағанда төрт есе жоғары болады екен. Және бұл жағдай аймақтық еңбек ресурсы дисбалансын ұлғайтады.

Министр, аталмыш болжамды есепке ала отыра, оңтүстік тұрғындарын басқа өңірлерге барып, жұмыс істеп, еңбек ресурсын арттыруға үгіт-насихат жүріп жатқанын хабарлады. Бұл мақсатта “Жол картасы жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы аясында 37 миллиард теңге бөлінген. Оның 98 пайызы баспана құрылысына жұмсалады.

Былтырғы жылдан бері 5 мың отбасы немесе 18 мың адам өз еріктерімен қоныс аударған. Олардың 78 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Оқи отырыңыз:

Сирияда тұрып жатқан қазақстандық ханым өз өмірі жайлы айтып берді

Әлия Назарбаева отбасының суретін жариялады (фото)

Елбасына бата берген ақсақалдың болжамы тура келді

Тест. Қазақстанда өмір сүру ережелері – сіз оларды білесіз бе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар