Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

2020 жылы сәбидің бір жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақының мөлшері қандай болады

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова 2020 жылы сәбидің бір жасқа толғанға дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы мөлшерінің қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

2020 жылы сәбидің бір жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақының мөлшері қандай болады

Вице-министрдің сөзінше, 2020 жылы 1 жасқа толмаған сәбидің күтімі үшін республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақының мөлшері бір бала үшін – 15 050 теңге,  екі бала үшін – 17 794 теңге, 3 бала үшін – 20 512 теңге, 4 және одан да көп бала үшін 23 255 теңгені құрайды. 

Сонымен қатар Жақыпова анасы бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзімде, мемлекет ол үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнатақы төлемін қосымша енгізетінін айтты. Бұл ретте сәбидің анасының декреттік демалысқа дейінгі аударымдары ескеріледі. 

Айта кетсек, елімізде 2020 жылдан бастап әйелдерге сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққан жағдайда да жалғасуы мүмкін. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін осындай ережені ұсынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр