Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылы қазақстандық жүргізушілерге жаңа құжат қажет болады

2019 жылдың шілде айынан бастап елімізде көлік құралдарының төлқұжатын (КҚТ) рәсімдей бастайды.

2019 жылы қазақстандық жүргізушілерге жаңа құжат қажет болады

Бұл туралы Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Электронды КҚТ енгізу туралы шенеуніктер біраз уақыт бұрын сөз қозғаған еді. Алайда жобаның жүзеге асу мерзімі ұзаққа созылған-ды. Ендігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының төлқұжаты (шасси көлік құралдарының төлқұжаты) және өздігінен жүретін көлік пен басқа да техника түрлеріне электронды төлқұжат рәсімделе бастайды.

КҚТ-да автокөліктің шыққан жылы немесе ЭАЭО аумағына әкелінген жылы, габариттері, салмағы, қозғалтқышының көлемі және т.б. мәліметтер енгізіледі. Сонымен қатар құжатта көлік құралының иесі, техникалық тексеріс, шектеулер, автокөліктің қатысуымен болған ЖКО (уақыты, орны, зақымдалу сипаты, одометр көрсеткіші), жасалған жөндеу жұмыстары (қайда, қашан, жөндеу жұмысының атауы мен түрі, одометр көрсеткіші) туралы ақпараттар көрсетіледі.

ҚР инвестициялар және даму министрлігіндегілердің сөзінше, электронды КҚТ Еуразия экономикалық одағының барлық аумағында жарамды болады.

Ережелер жобасында электронды төлқұжаттардың рәсімдеу құны 4 500 теңге шамасында бекіту жоспарланып отыр (аталған сома төмендетілуі немесе АЕК-ке байланысты болуы мүмкін). Ал КҚТ-ға өзгертулер енгізу үшін шамамен 3 300 теңге төлеу қажет болады.

Бұрын қолданыста болған болған көліктердің электронды төлқұжаты қайта тіркеу (қайта сату) кезінде ақылы түрде рәсімделетін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау