Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдың алғашқы жарты жылына дейін төрт колония жабылады

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше, соңғы екі жылдың ішінде жеті түзеу мекемесі жабылды. 2019 жылдың алғашқы жарты жылына дейін тағы да төрт колония өз қызметін тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Парламент мәжілісінде, 2019-2021 жылдарға арналған республиканың бюджеті туралы заңды жобаны талқылау барысында министр осы жағдайды сөз етті.

“Түрмедегі адамдардың азайғаны байқалады. Соңғы екі жылда біз жеті түзеу мекемесін жаптық. Осы жылы және келесі жылдың алғашқы жарты жылына дейін тағы да төртеуі жабылады. Осы уақытқа дейін алып келген қаражатты қалған мекемелерге бөлдік. Өздерің білетіндей 2015 жылдан бері біз 20-30 пайызға дейін кем қаржыландырып отырдық. Сондықтан қазір осы қызметтерді бекіттік”, — деді Қалмұханбет Қасымов.

“Босатылған барлық қызметкерлер пробация қызметіне кетті. Ескі қылмыстық инспекция азғантай қызметкерлерден тұрған. Сондықтан біз барлық қысқартылған қызметкерлерді пробация қызметіне ауыстырдық. Олардан қазір шамамен 35-37 мың шартты түрде айыпталғандар өтіп жатыр. Оларды да бақылау қажет”, — деді министр.

 

Талқылау