Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдан бастап елімізде газ бен жарық бағасы арзандайды

Елімізде 2019 жылдан бастап тауарлық газ бен электр энергиясының бағасы арзандайды. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

2019 жылдан бастап елімізде газ бен жарық бағасы арзандайды

Министрдің сөзінше, ендігіден бастап электр энергиясының бағасы екі тарифке бөлінетін болады. Олар – электр энергиясы және қуаты. Осылайша, электр энергиясына объективті әрі шекті тарифтер белгіленіп, өз кезегінде бұл энергия өндіретін ұйымдардың сату бағасын арзандатуға жол береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Министрлік тауарлық газ бойынша энергия өндіруші ұйымдардағы электр энергиясының тарифтерін төмендету үшін бұйрық жобасын дайындады. Аталған жобада тауарлық газдың шекті көтерме бағаларын төмендету көзделіп отыр. Біздің бағалауымыз бойынша, көтерме сауда бағасын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету — тауарлық газдың түпкі бағасын өңірге байланысты газ пайдаланатын электр станциялары үшін 6-дан 15%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді эенргетика министрі.

Сонымен қатар ведомство басшысының сөзінше, аталған бұйрық биылғы жылдың қараша айының соңына жоспарланған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау