Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі балабақшаларда менингитке қарсы тексерістер жүргізілуі мүмкін

Соңғы айларда менингиттен сақтану шаралары кеш басталғанымен, келер жылдан бастап балабақшалардағы балалар менингокоқтық инфекцияны анықтау мақсатында тексерілетін болады деп хабарлайды КТК  арнасы.

Еліміздегі балабақшаларда менингитке қарсы тексерістер жүргізілуі мүмкін

Елімізде менингококтық инфекцияға қарсы балабақшалар жаппай тексерілуі мүмкін. Ештен кеш жақсы. Келер жылдан бастап енді балабақшадағы бүлдіршіндер де менингококтық инфекцияны анықтау мақсатында алдын-ала тексерілуі мүмкін. Алматыдағы Ұлттық сараптама орталығы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне осындай ұсыныс жасады.

Ал ұлттық сараптама орталығы зерттеу жоспарын қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дайындап, бекітетінін айтты.

«Менингококк ауруына эпидемиологиялық қадағалау жүргізген кезде Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті өз тарапынан ескеруі қажет еді. Адам көп, топтасқан жерлердің бәрін кіргізген жөн деп есептеймін. Тексеруден өтсе дұрыс болар еді», – дейді Алматы қаласы Ұлттық сараптама орталығы директорының орынбасары Тілеубек Құрманхалықов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау