2018 жылы дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайды

2018 жылдың алғашқы екі айында науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуы үшін қосымша 894 млн теңге бөлді. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының дәрілік, материалдық-техникалық қамту және мониторинг бөлімінің басшысы Жанар Боранбаева айтты.


Министрлік қаңтар-ақпандағы дәрімен қамту процесі тоқтап қалмау үшін осы уақытқа қосымша 894 млн теңге бөлді.
Оның айтуынша, кідіріс болмауы үшін, Үкімет Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерін реттейтін қағидаларына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады.
Науқас азаматтарға жылдың басында дәрілік заттарға қол жеткізу қиын болып келгені рас. Осыған байланысты қант диабеті, аутоимундық науқастар 3 айлық дәріні ала алмай қалатынын айтып алаңдаушылық білдірді.
«Бүгінде Алматыда дәрі-дәрмекпен барлық науқастар қамтамасыз етіліп отыр. Емханаларда есепте тұрған адамдар түгел алады. Ешкім дәрісіз қалмауы үшін бюджеттен 894 млн ақша бөлінді. Желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында түгел дәрімен қамтамасыз етіледі. Науқастарға алаңдауға негіз жоқ», – деді Жанар Боранбаева.
Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап емханалардың жанынан арнайы дәріханалар ашылып, есепте тұрған науқастар сол жерден дәрі алатын болады.
Сатып алынатын препараттардың тізбесі, шекті бағасы, сатып алынатын мөлшері және дәрі-дәрмекті жеткізу кестелері көрсетіліп, сатып алу рәсімдерінің басталуы туралы хабарландыру 14 желтоқсан күні «СК-Фармация» компаниясының сайтында жарияланды.

Тағы оқыңыз:

5 млн теңгені иесіне қайтарған қарағандылық полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген

Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар