Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018 жылдың соңына мұнай өндірісі 90,3 млн тоннаға жетпек

2018 жылы үш ірі Қашаған, Тенгіз, Қарашығанақ мұнай өндірістерінен 53,9 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОКҚ өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

2018 жылдың соңына мұнай өндірісі 90,3 млн тоннаға жетпек

«Үш ірі кен орындарының мұнай өндірісі 53,9 миллион тоннаны құрады. Оның ішінде Қашағанда – 13,2 млн. тонна (2018 жылдың жоспарына 120%), Тенгізде – 28,6 млн. Тонна (2018 жылдың  жоспарына 103,3%), Қарашығанақта – 12,1 млн. тонна (2018 жылдың  жоспарына 100,8%). Жалпы Қазақстанда жыл соңына дейін мұнай өндірісі 90,3 млн тоннаға жетпек, бұл 2017 жылдың жоспарына 104,7%. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 86,2 млн. тоннаға жеткен еді», – деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар, мұнай экспорты биыл 71,5 млн тоннаны құрады. Сонда мұнай өндірісі 16,1 млн.тоннаға жетіп, 2017 жылға қарағанда 8% жоғары екенін көрсетеді.

Газ өнідірісі жыл қорытындысы бойынша 54,8 миллиард кубты құрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау