Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018 жылдың соңына дейін телефондарды өз бетімізше қалай тіркей аламыз

«Кселл» АҚ коммуникациялар жөніндегі бөлімнің жетекшісі Наталья Еськова Қазақстанда телефондарды тіркеу қалай жүзеге асатынын айтты, деп жазады Мой город. 

2018 жылдың соңына дейін телефондарды өз бетімізше қалай тіркей аламыз

SMS, USSD командалары арқылы тіркеу байланыс бар барлық жерде жүзеге асады.

Ең бірінші қарапайым әдісі – 6006 нөміріне хат жіберіп, ЖСН жазу керек. Екінші әдіс – телефыннан *660# команасын басып, ЖСН жазу керек. Кейін “жіберу” командасын басасыз. Үшінші әдіс – kcell.kz немесе activ.kz сайттарында “Жеке кабинет” деп аталатын бөлімге кіресіз. ЖСН- жіберген соң сізге тіркелу үшін ақпарат қабылданды деген хат келеді.

Телефондаран бөлек планшет, ақылды сағаттар мен балалардың GPS сағаттары, модем мен роутерлерді де тіркеу керек. Оларды да “жеке кабинетке” кіріп тіркей аласыз.

Модемді тіркеу үшін нөмірін телефонға салып, 245 нөміріне кез келген смс хат жіберсеңіз, “Жеке кабинетке” кіруге рұқсат аласыз.

Ал, көліктің дабылы, трекер, SIM картасы бар POS-терминалдарды тіркеу керек емес.

“Егер балаңыз 14 жасқа толмаса, ата-анасы өз ЖСН-ін жазады. Егер бала 14 жас пен 16 жас аралығында болса, заңды қамқоршысы немесе ата-анасымен бірге өз ЖСН-ы бойынша телефонын тіркей алады. 16 жастан бастап өздігінен тіркейді”, – дейді  Наталья Еськова.

Айтуынша, бір адам әр түрлі SIM карта арқылы бірнеше телефон ұстай алады.

Ал, шетелден келген туристер роумингпен жүрсе, тіркеу керек емес. Егер Kcell не activ қызметін пайдаланса, байланыс кеңселерінде өз паспорты бойынша телефонын тіркей алады.

Наталья Еськова бір телефондағы екі SIM-картаны қалай тіркеу керектігін атап өтті.

“Бұнда еш қиындық жоқ. Екі карта әр түрлі байланыс болса, мәселен, бірі Kcell екіншісі activ болса, 6006 нөміріне екі нөмірден де ЖСН жібересіз. Басқа байланыстар үшін берілген өз нөмірлеріне ЖСН жібересіз”, – дейді Наталья Еськова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау