Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

2018 жылдан бергі зейнетақының жеке табыс салығы кімдерге қайтарылады?

Зейнетақы төлемдерін алушылардың кейбір санаттарына 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған жеке табыс салығы бойынша жеңілдік қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz.

2018 жылдан бергі зейнетақының жеке табыс салығы кімдерге қайтарылады?

Зейнетақы төлемдерін алушылардың кейбір санаттарына жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер берілді. Салық қайта есептеліп, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін іске қосылған жеке табыс салығы қайтарылады, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді қоса алғанда, мынадай зейнетақы төлеушілеріне жеке табыс салығы салынбаған еді:

  • І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген тұлға;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО ордендерімен және әскери қызметте жүргені үшін марапатталғандарға;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген және КСРО-ның тапсырмаларымен Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанқиярлық және мінсіз әскери қызмет үшін медальдармен марапатталмағандарға;
  • мүгедек балаларға;
  • мүгедек баланың қамқоршыларының біріне, ата-анасының біріне - бала он сегіз жасқа толғанға дейін;
  • бала кезіннен мүгедек деп танылған адамның ата-аналарының, қамқоршыларының біріне.
  • бала асырап алушыға - әрбір асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексі өзгерді: жоғарыда аталған тұлғалар үшін жеңілдіктер жойылып, БЖЗҚ төлемдері 10% мөлшерінде салық салынған еді.

Аталған санаттағы зейнетақы төлеушілерге 2018 жылдан бастап барлы салықтан ұсталған қаражатын алу үшін сіз БЖЗҚ-ға:

  • табысты түзетуді немесе салықтық шегерімді қолдану туралы өтініш (оның ішінде көмуге арналған біржолғы төлеммен бірге);
  • кірістерді түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері керек.
Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр