Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы қатерлі ісікке қарсы екпенің шығатыны хабарланды

Иерусалимдегі “Хаддас” клиникасында ракқа қарсы қолдынылатын вакцина сынақтан өткізіліп жатыр.

02-38-e1483369664694

Бұл туралы newsgood.com.ua хабарлайды.

Вакцина 2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі мүмкін. Бұл екпе тек онкологиялық ауруларға ғана емес, ракты қайта болдырмау үшін де пайдаланылмақ.

Егер препарат күткендегідей жұмыс жасайтын болса, онда ол сүт безі, басқа да ісіктерге қарсы тұра алмақ.

Рак ауруы кезінде организм өзінің дұрыс жұмыс жасамай тұрғанын біледі, ал иммундық жүйе өзін ісіктен қалай қорғау керектігін түсінбейді. Рак клеткалары организмнің жеке клеткалары болғандықтан бұл анық сезіледі.

Ал жаңа шығарылғалы отырған вакцина иммундық жүйені белсендендіріп, қауіпке қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Жаңа вакцина тек рак клеткаларында кездесетін MUC1 молекулалы клеткасын тауып, көзін жояды. Тым ұзаққа созылған рак жағдайында химиятерапия қажет етіледі немесе ісікті алып тастау үшін операция керек. Егер ісік көлемі азайса, онда күресу үшін организмге де жеңіл тиеді. Бұл жағдайда аурудың қайта қайталанбауы үшін вакцина өз пайдасын тигізеді деп күтілуде.

Талқылау