Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы АЕК көрсеткіші және минималды зейнетақы мөлшері қанша болады?

2017 жылы базалық зейнетақы төлемі 12 802 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері — 28 148 теңгені құрамақ.

2e4ec80a-e676-4e42-9e8e-0ab7bf1a0350

Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен айыппұл санкцияларын және т.б. төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2269 теңгеге дейін көтерілді.

Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының бюджетінде тіркелді.

Биліктің есебі бойынша, 2017 жылы мұнайдың бағасы шамамен бір баррельге 35 доллар болады. Аталған сомма  2021 жылға дейін бір баррельге 45 долларға дейін көтеріледі деп болжануда. 2017 жылы шамамен 79,5 миллион тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде. Аталған көрсеткіш 2021 жылға дейін 86,5 миллион тоннаға дейін өсуі тиіс.

Биыл инфляция көрсеткіші шамамен алты-сегіз пайызды көрсетуі тиіс.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 12 802 теңгені құраса, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 148 теңге болады. Бірегей зейнетақының мөлшері 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап тоғыз пайызға, ал 1 шілдеден бастап тағы да 11пайызға артуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық Банк 1000 теңгелік купюраның пайдалану мерзімін ұзартты

Қазақстанда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 16 қаңтарда іске қосылады

Қазақстанда үйдің қирауы кезінде қаза болғандардың есімі аталды

Қарағандыда қираған үйдің астында анасы алты айлық сәбиімен бірге қалып көз жұмды (фото)

Талқылау