Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы 28 990 отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болды

31 қазан күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Бүкіләлемдік жинақ күні құрметіне орай арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Конференция барысында 2017 жылдың алғашқы 9 айында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды.

Ең бастысы, банк өкілдері бөліскен нәтижелер көптен бері халық санасында қалыптасып қалған аңыз әңгімелерді жоққа шығарды.  Мәселен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстан тұрғындары арасында кеңінен тарап кеткен қате пікірлердің бірі – ТҮҚЖБ қызметі тек мемлекеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған деген ой.  – Мен халық бұл аңыздың шындыққа жанаспайтынын білсе деймін.

Себебі, банк қызметін тек мемлекеттік қызметкерлер емес, кез келген қазақстандық азамат қолдана алады. Десек те, айта кетерлік бір жайт бар. Ол – жеңілдікпен ұсынылатын баспаналардың толық емес отбасы немесе сол сияқты өзге де бағдарламалар бойынша әкімшілікте кезекте тұрғындарға берілуі.

Алайда тұрғын үй заемдарының басым көпшілігі банк салымшылары арасында үлестіріледі, – дейді Ләззат Ибрагимова. Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі банкте депозит ашып, соны жинақтау арқылы жүзеге асырылады. Банкте депозит ашқан соң үш жыл көлемінде барлық тәртіпке сай ай сайын төлем жасап, пәтер бағасының 50%-ын жинаған азаматтар банк ұсынған 3,5% және 5% аралығындағы мөлшерлеме бойынша пәтер алу мүмкіндіне ие болады.

Бұл еліміздегі өзге банктерде кездеспейтін ең төменгі мөлшерлеме десек, артық болмас. Қазіргі таңда миллиондаған қазақстандық осы тұрғын үй жинағы жүйесінің қызметін пайдалануда. 2017 жылдың өзінде 255 278 клиент жаңа есепшот ашқан. Бұл өткен жылғы 9 ай ішіндегі көрсеткіштен бір жарым есе жоғары болып отыр. Сонымен қатар жыл басынан бастап 28 990 отбасы ТҮҚЖБ арқылы баспаналы болды. Жалпы банкте ортақ сомасы 477,3 миллион теңгені құрайтын 988 152 депозит ашылған. Сонымен қатар 2017 жылы депозит ашудағы комиссияны алып тастаған соң салымшылар саны бірден арта түсіпті.

Оған қоса салымшылар ашатын шоттың орташа сомасы да өскен. Мәселен, өткен жылы бұл сома 3,8 миллионды көрсетсе, бүгінде ол 5 миллионға жетіп отыр. Алдағы уақытта ТҮҚЖБ бұл көрсеткішті 7,5-9 миллионға жеткізуді көздеуде.

Қазір банкте күніне 2000-ға жуық депозит ашылады. 2017 жылдың мамыр айында банк 2015 жылғы теңге бағамының өзгеруіне байланысты салымшыларға өтемақы ресімдеудің екінші траншын мерзімінен бұрын төледі. – Өтемақыларды рәсімдеудің екінші траншы 20,1 миллиард теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың 18 тамызындағы депозиттер сомасы көрсеткішінің 15,8%-ын құрайды. Қайтарылған өтемақының 9 миллиарды банк қаражатынан төленген.

2017 жылы 284 221 салым иелеріне өтемақы берілді. Жалпы алғанда екі жыл ішінде клиенттерге 49,4 миллиард теңге аударылды. Оның 19,4 миллиарды банк қаражаты есебінен төленді, – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымының орынбасары Әділет Қожанбаев. 2017 жылдың тамыз айында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бұрын қолданыста болған тарифтік «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» бағдарламаларын трафигі бірыңғай «Баспана» бағдарламасына біріктірді.

Енді банк салымшылары ақшаны қанша уақытта жинап, тұрғын үй заемын қандай пайызбен алатынын өздері шеше алады. Бұл банк қызметін барынша қарапайым әрі қолжетімді етіп, депозиттен кейін орындалатын бірқатар операциялар легін азайтуға түрткі болып отыр. – Біз өткен жылы интернет-банкинг қызметін іске қостық. Қазіргі таңда банк клиенттері арасынан 220 000 адам осы қызметті пайдалануда. Ал оның 90 000 мобильді қосымшаны қолданады. Бүгінде банк салымшыларының уақытын үнемдеу үшін біз төлем қабылдаудың балама жолдарын іске қостық.

«Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Енді банк клиенттері бүкіл ел бойынша ұлттық пошта операторының бөлімшелері арқылы депозит аша алады. Сонымен қатар Халық Банк, E-gov, Қазкоммерцбанк, Каспи Банк, Банк Центр Кредит, Qiwi, Pay point және басқа қызметтердің көмегімен шотқа ақша аудару мүмкіндігі бар.

Серіктестер көмегімен салымға қаражат құю кезінде ТҮҚЖБ клиенттерінен комиссия алынбайды (Халық банкінен басқа. Банкомат пен кассаларда 1%). Қазіргі уақытта банктің барлық төлемдерінің 30%-дан астамы балама жолдармен жүзеге асырылады. Ал 2017 жылдың мамыр айынан бастап QR–код арқылы іске асатын жаңа төлем жасау тәсілі енгізілді. Енді клиенттер өз депозиттерін ұялы телефон арқылы толтыра алады, – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан бас тартқан $100 миллионның тағдыры не болады?

Елімізде келер жылдан бастап зейнетақы қаншаға өседі

Бұдан былай бензиннің бағасы литріне 161 теңгеден аспайды

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады

Талқылау