2017 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал

Бейсенбі, 7 Қыркүйек , 2017 15:28

Stan.kz 2017 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.

43_main

Тоқты. Ауа райында қандай өзгерістер болса, тоқтылардың өмірінде де дәл сондай ерекше өзгерістер орын алмақ. Кейде жан тыныштығын қаласаңыз, енді бірде жаңа мүмкіндіктерге жармаса кеткіңіз келіп тұрады. Даналық таныту арқылы айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынас сақтап қала аласыз. Жұлдыздар әйел адамдарға жалқау болмауға кеңес береді. Күз айында жалақысы әлдеқайда жоғары жұмысқа орналасасыз.

Денсаулық

Жұлдыздар жүзім шырынын ішуге кеңес береді. Глюкоза иммунитетіңізді қалыпқа келтіріп, денсаулығыңызды жақсартады. Кешкілік мерзімде серуендеп, түймедақ пен бал қосылған шай ішіңіз. Өкінішке орай, күйзелістің құрсауында болуыңыз мүмкін. Күш-қуатыңыздың сарқылғанын байқайтын боласыз, сол себепті күз айында табиғат аясында демалғаныңыз жөн.

Махаббат

Қыркүйек айында ұзатуға да, үлкен тойға да орын бар. Егер ағаш отырғызып, ұл өсіріп, үй салғыңыз келсе, осы нәрселерді жүзеге асыратын уақыт келді. Жалғыз жүрген тоқтылар бір көргеннен ғашық болады. Бірақ, кей адаммен де қош айтысуға тура келеді. Бірақ, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Ал нағыз махаббат мәңгілік өмір сүреді. Өзіңізді көптен бері сүйіп келе жатқан адам барын ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, жүкті тоқтылар еш қиналмай босанады. Ал ер тоқтыларға әйелдеріне мүмкіндігінше түсіністік танытқан жөн.

Мансап

Тоқты әйелдер қаржы мәселесін ретке келтіргендері жөн. Бірақ, бейтаныс адамдармен ортақ жұмыс бастап, жұмыс ауыстырудың қажеті жоқ. Ал ер тоқтылар керісінше ақшаға бола алаңдамағандары жөн. Қиындықтардың барлығы уақытша болмақ. Оның үстіне мансап жолында ілгерілейтін уақытыңыз келді.

Табысты күндер: 3, 11, 15, 20, 25, 31
Жағымсыз күндер: 7, 14, 22

Торпақ. Жаздан бері мазалап келе жатқан ақша мәселесіндегі қиындықтарды шешкеніңіз жөн. Аталарыңыздан сізге көп дүние-мүлік қалмақ. Қыркүйек айында ауырып қалған болсаңыз, қазақша ем қабылдауға асықпаңыз. Бірден дәрігерге қаралу арқылы көптеген қиындықтың алдын аласыз.

Денсаулық

Уақыт өте келе демалып отырғаныңыз жөн. Мүмкіндігінше қиындықтарды айналып өтуге тырысыңыз. Сол кезде денсаулығыңыз да жақсы болады. Кезекті демалыс кезінде де ұйқыңызды қандырып жүріңіз. Ер адамдардың жүйке жүйесіне зақым келуі мүмкін.

Махаббат

Бұрынғы сүйіктіңізге қайтып оралудың қажеті жоқ. Қиындықтарды алдын алу үшін сүйіктіңізбен ашық сөйлесуге тырысыңыз. Қолыңыздағы бақтан айырылып қалмау үшін әр сөзіңіз бен ісіңізді қадағалаңыз. Әйел адамдар отбасындағы жасы үлкендердің ақылына құлақ асқандары жөн. Олар сіздің сүйіктіңізді ұнатпауы мүмкін. Бірден жанжал шығармастан, мұның себебін анықтауға тырысыңыз. Торпақтардың жеке өмірінде үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Яғни махаббат тойға ұласып, артынша дүниеге сәби келмек. Ер адамдар нақ сүйерін жолықтырады немесе әңгімесі таусылған жұбайымен ажырасады. Жалпы өмірінде үлкен өзгерістер болады. Олардың барлығына дерлік түсіністікпен қараған жөн. Әсіресе, бұл дүниеге бала әкелу мен басқа пәтерге көшіп бару мәселесіне байланысты болса.

Мансап

Жұмысқа келгенде тиянақты болыңыз. Аз уақыт ішінде ойлаған нәтижеңізге жете алмауыңыз мүмкін. Сол себепті, өзіңізді қинай берудің қажеті жоқ. Торпақтар жұмыс істеп жүрген компанияда жұмыскерлер қысқарады. Ақшаңызды желге шашудың қажеті жоқ. Себебі, ол отбасыңыздың қажеттіліктеріне керек болуы мүмкін.  Жеке өміріңіздегі қиындықтардан қашып құтылу үшін жақсылап жұмыс істеуіңізге тура келеді. Бірақ, қыркүйек айында бастығыңыз сізге мін тағып, қатаң талаптар қояды. Бұған тек өзіңіз кінәлі екеніңізді ұмытпаңыз. Ата-әжеңіз жуырда сізден ақша сұрап хабарласуы мүмкін.

Табысты күндер: 3, 11, 15, 20, 25, 31
Жағымсыз күндер: 7, 14, 22

Егіздер. Жұлдыздар тәкаппарлықтан арылып, компромисске баруға кеңес береді. Қыркүйек айында көптеген қиындыққа тап боласыз. Қуанышыңызға орай, ол қиындықтардың барлығын жеңіп шығасыз. Ұйқысыз түндер психикалық денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қыркүйек айында өзіңіз жақсы көретін адамдарға түсіністік танытуға тырысыңыз. Бұл тек ақша мәселесіне қатысты емес. Өзіңіздің арман-мақсаттарыңызды өзгелердің қалауынан жоғары қоюдың қажеті жоқ. Әйел адамдардың барынша адалдық танытқандары жөн. Әйтпесе, арам ойы іске аспай, жұрттың алдында масқара болуы мүмкін. Махаббат мәселесінде де көптеген қиындыққа тап боласыз. Өзіңізді сыйламаған ер адамға жабысудың қажеті жоқ.

Денсаулық

Жүйке жүйеңіз тозып, күйзеліске түсесіз. Адамдардан алшақтап, тәбетіңіз жоғалады. Сол себепті, міндетті түрде психолог маманға қаралған жөн. Мүмкіндігінше позитивті, белсенді адамдармен араласуға тырысыңыз. Ең бастысы, қыркүйек айында өмірге оптимист ретінде қараңыз.

Махаббат

Көптен күткен арманыңыз орындалып, сүйіктіңіз сөз салады. Қыркүйек айында екі адам арасында үлкен таңдау жасайсыз. От белгісімен дүниеге келген жандарға зер салыңыз. Мұнымен қатар, бір кездері өзіңіз қатты ғашық болған жанмен жолығуыңыз мүмкін. Егіз белгісімен туған әйелдер қыркүйек айында жігіттердің ықыласына бөленіп, бақыттан басы айналады. Ал ер адамдардың мүмкіндігінше сүйіктілеріне романтикалық тосын сыйлар ұйымдастырғандары жөн.

Мансап

Ақшаны барынша үнемдеуге тырысыңыз. Оны жұмсағанша, жинағаныңыз дұрыс. Оның үстіне бизнеске салатын ақшаңыздың тең жартысы дайын тұр. Мақсатқа жету үшін егіздерге қол қусырмастан жұмыс істеген жөн. Қосымша жұмыс тауып, таныс-тамыр іздеуге кірісіңіз. Ең бастысы, шыдамды болыңыз. Мұнымен қатар, өзіңіз қалағандай мамандықты ауыстыратын уақыт келген сияқты. Бірақ, жақындарыңызға сыйлық сыйлауда жомарт болыңыз.

Табысты күндер: 3, 11, 15, 20, 25, 31
Жағымсыз күндер: 7, 14, 22

Шаян. Дәл қазір болашаққа бағытталған жоспарлар құрудың қажеті жоқ. Отбасылы шаяндардың балаларын тым еркелетпегендері жөн. Адамдармен қарым-қатынаста ұстамдырақ болыңыз. Қыркүйек айында жалғыз жүрген шаяндар ессіз ғашық болады. Қыркүйекте жаз айында бастан өткендердің барлығын ретке келтіруіңізге тура келеді.

Денсаулық

Күйзелістің алдын алғаныңыз жөн. Әсіресе, отбасылық жанжалдардың салдарынан денсаулығыңызға зақым келуі мүмкін. Күз айларында тыныс алуға арналған гимнастиканың көмегі мол. Душқа түсіп, түрлі дәрумен қабылдауды ұмытпаңыз. Әйел адамдардың көбінесе жаяу жүргендері дұрыс. Күн тәртібін сақтансаңыз, денсаулығыңыз толықтай жақсарады.

Махаббат

Сезімді бірінші орынға қоймағаныңыз жөн. Айналаңыздағыларға зер салуды ұмытпаңыз. Олардың ішінде сізді жақсы көретін сенімді адам болуы мүмкін. 2017 жылдың қыркүйек айында көктен жерге түскеніңіз дұрыс. Үнемі мінсіз адамды іздеп шарқ ұратын болсаңыз, жалғыз қалуыңыз мүмкін. Айдың соңында ессіз ғашық болып, ерекше күйге бөленесіз. Әйел адамдардың сүйіктісіне тосын сый жасағаны жөн. Себебі, отағасы соңғы кезде сіздің қамқорлығыңызға зәру болып жүр.

Мансап

Бастығыңыздың оң назарына ілініп, жұмыс мәселесінде жолыңыз болады. Бірақ, қателіктеріңізді талдап отыруды ұмытпаңыз. Өкінішке орай, осы айда жаңа жұмыс іздеуіңізге тура келеді. Осының барлығы қаржы мәселесіндегі қиындықтарға алып келеді. Сол себепті, ақшаны саяхат пен көңілді кештерге жұмсамай қоя тұрғаныңыз абзал. Жақсы жұмысқа орналасу үшін көкелеріңізден көмек сұрауға мәжбүр боласыз.

Табысты күндер: 3, 11, 15, 20, 25, 31
Жағымсыз күндер: 7, 14, 22

Арыстан. Жұмыс мәселесімен шетелге шығып, беделді таныстарыңыздың арқасында қаржылай қиындықтарыңызды шешесіз. Күш-қуатыңыз сарқылмасын десеңіз, ертерек ұйықтап, дұрыс тамақтануға тырысыңыз. Әйел адамдардың жеке өмір мен жұмысты бүге-шүгесіне дейін жоспарлап алғандары абзал. Бір нәрсені түбегейлі өзгерткіңіз келсе, ешкімнен ұялмаңыз. Қыркүйек айында өзіңіз сүйетін адам отбасын құруға ұсыныс жасайды. Мүмкіндік болса, жұмысқа қажетті құжаттарды алдын ала жинастырып отырыңыз.

Денсаулық

Қыркүйек айында көп күш жұмсауыңызға тура келеді. Сол себепті жеміс-жидек шырынын ішіңіз. Түнде ұйықтай алмай қиналсаңыз, бал қосылған шай ішіңіз. Қыркүйекте көбірек қыдырыңыз. Әйел адамдардың созылмалы аурулары асқынып кетеді. Сол себепті өзіңізді қиын жұмыспен қинап жібермеңіз. Ал ер адамдар жаттығу залында шынығып, омыртқаларын қалыпқа келтіргендері жөн.

Махаббат

Шығайбайдай сараңдыққа салынбай, барынша жомарт болуға тырысқаныңыз жөн. Себебі, сүйіктіңіз жылы сөздер ғана емес, қымбат бағалы сыйлықтар күтеді. Қыркүйек айында сүйіктіңіздің бұрынғы серігімен бетпе-бет кездесесіз. Тым қатты қызғанышқа берілудің қажеті жоқ. Әйел адамдар сүйіктілеріне көңілдері толмай, көп жанжал шығаратын болады. Мүмкіндігінше түсіністік пен қулық танытыңыз. Себебі, сүйіктіңіздің сізге қайта ғашық болуы өз қолыңызда. Ер адамдардың қызғанышқа себеп тауып бермегендері жөн.

Мансап

Қалтаңыз қалыңдап, жұмыста табысты боласыз. Көптеген қажетсіз істі шетке ысырып, ең маңызды дегендерін қолға аласыз. Оның үстіне кезекті демалыстан кейін күні-түні жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз болады. Ұжымда барынша ұстамды болуға тырысыңыз. Бастығыңызбен мансапта жоғарылау мәселесі туралы да сөйлесіп көріңіз. Қосымша жұмыстарыңыз көп болғандықтан, ақшадан қысылмайсыз.

Табысты күндер: 5, 9, 12, 24, 25, 30
Жағымсыз күндер: 2, 18, 22

Бикеш. Жиналып қалған мәселелердің барлығын тек өзіңіз шешуіңізге тура келеді. Өкінішке орай, туған-туысқандарыңыз да көмекке келмейді. Қыркүйек айында алыс-жақын жерлерге саяхаттайсыз. Сүйіктіңізді шын сүйсеңіз, махаббат мәселесінде қиындық болмайды. Ағайын-туыстарыңызбен қарым-қатынасты жақсартатын уақыт та келіп қалған сияқты. Ал жеке өміріңізде бақытты болуыңыз тек өзіңіздің қолыңызда. Махаббат мәселесінде асығыс шешім қабылдамағаныңыз дұрыс.

Денсаулық

Жұлдыздар денсаулықты су процедураларының арқасында қалыпқа келтіріп отыруға кеңес береді. Жуырда суық ауа райы салдарынан тұмауратып қалуыңыз да ғажап емес. Күнделікті асыңыздың құрамында дәрумендер, жемісті шырындар және таңқурай болсын. Мұнымен қатар, туысқандарыңыздың да денсаулығына қарайлауды ұмытпаңыз. Ер адамдардың денсаулыққа ғана емес, тәнінің сұлу болуына да назар аударғандары жөн.

Махаббат

Бақытқа бөлену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сүрбойдақтар осы айда сүйіктілерін жолықтырулары мүмкін. Осыған орай, азаматтық немесе ресми некеге келгенде жауапкершілік мәселесін ұмытпаған жөн. Жеке өміріңізді  түбегейлі өзгерткіңіз келсе, ешкімнің ақылын тыңдамаңыз. Әйел адамдардың көп уақыт танымаған жігіттермен жүздеспегендері жөн. Көп бикештер махаббат пен жұмыс арасында таңдау жасайды. Сүйіктіңізді екінші рет жолықтырмауыңыз да мүмкін. Ал жанжалдасудан шаршаған ер азаматтар жалғыз қалуға шешім қабылдайды.

Мансап

Жұмысқа байланысты қиындықтарды көп созбай бірден шешіп отырған жөн. Қыркүйек айында жаңа бизнесті қолға алып табысқа кенелесіз. Тәжірибеңіздің арқасында табысқа кенеліп отырғаныңызды ұмытпаңыз. Шетелдік әріптестерден түрлі ұсыныс күтіңіз. Әйел бикештер материалдық қиындықтарын шешуде біраз қиналады. Ақшаны тек ұялы телефон немесе сәнді аксессуарларға жұмсағаныңыз жөн. Қалғаны сізге ешбір пайда әкелмейді.

Табысты күндер: 3, 8, 12, 17, 22, 30
Жағымсыз күндер: 5, 19, 24

Таразылар. Жұлдыздар шетелде демалып, жаңа жерлер көріп қайтуға кеңес береді. Махаббат мәселесінде толықтай жолдары болып, сүйгендерімен қауышады. Мансап құрастыруға әлі ерте деп ойласаңыз, барынша көбірек ақша табуға тырысыңыз. Ал денсаулыққа келсек, қыркүйек айында мүмкіндігінше спортпен көбірек айналысқандарыңыз дұрыс. Қыркүйек айында күш-қуатыңыз тасып, көптеген істің басын қайырасыз. Жұлдыздар әйелдерге барынша позитивті болуға кеңес береді.

Денсаулық

Тері ауруы дәрігері мен көз дәрігеріне жолыққаныңыз жөн. Аллергия шығып, теріңіз ісіп кетуі мүмкін. Күнделікті жатарда сүт ішуге тырысыңыз. Әйел адамдардың созылмалы аурулары асқынып кетуі де ғажап емес. Сол себепті, ерінбестен гинеколог маманға қаралған жөн.

Махаббат

Сүйіктіңізден көңіліңіз қалады. Жан-дүниеңізде өзгерістер болмаса, жағдай бұрынғысынан бетер ушығып кетеді. Сүйіктіңіз жұмысты беріліп істегеніңізге қарап ренжуі мүмкін. Сол себепті, 2017 жылдың қыркүйек айында таразылардың барынша жұмсақ әрі романтик болғандары дұрыс. Сүйіктіңізбен кино мен театрға жиі барыңыз. Сарышаян, тауешкі және бикештерді айналып өтуге тырысыңыз. Мұнымен қатар, таразылар сүйіктілерін себепсіз қызғанып, қарым-қатынасты бұзады. Мұндайды болдырмау үшін өзіңізге деген сенімділігіңізді арттыра түсіңіз.

Мансап

Өсек-аяңға бола ұжымда ұрыс шығады. Бастық мол ақшаға кенелуге болатын жоба ұсынады. Құжаттарға сенімді түрде қол қойып, болмашы қаржылай қиындықтарға бола уайымдамаңыз. Жұлдыздар әйел адамдарға өздері қалаған заттарды алып, өздерін қуантып отыруға кеңес береді.

Табысты күндер: 8, 12, 17, 25, 30
Жағымсыз күндер: 2, 10, 22

Сарышаян. Өміріңізге махаббат өздігінен келеді деп күтпеңіз. Жауапкершілікті қолға алып, екінші жартыңызды іздеуге кірісіңіз. Шетелге іссапармен шықсаңыз да, ақшаңызды белгілі бір іске салып жіберуге асықпаңыз. Денсаулықты қалыпқа келтіру үшін түрлі жаттығулар жасап, дәрумендер ішіңіз.

Денсаулық

Таңертең жүгіріп, түрлі жаттығу жасап күш-қуатыңызды арттыруыңызға болады. Кешкілік мерзімде жайландыратын ваннаға түсіп, бал қосылған көк шай ішіңіз. Қыркүйек айында табиғат аясына шығып, велосипед айдаңыз. Тұмау жұқтырып, суықтап қалудан сақтаныңыз. Әйтпесе, жағдайыңыз тым қиындап кетуі мүмкін. Иммунитетіңізді дәрумендердің көмегімен қалыпқа келтіріп отырыңыз. Жұлдыздар әйел адамдарға дұрыс тамақтану тәртібін ұстануға кеңес береді. Әйтпесе, асқазаныңыз ауыруы мүмкін. Ертерек ұйықтап, сұйықтықты көбірек ішіңіз.

Махаббат

Осы айда маңдайыңызға жазылған сүйіктіңізді жолықтырасыз. Сол себепті, жан-жағыңызға қарайлап жүріңіз. Тіпті, маңдайыңызға жазылған адам өзіңізбен қатар жүрген әріптесіңіз болуы ғажап емес. Егер осы айда отбасын құру мүмкіндігін жіберіп алсаңыз, өмір бойы сүрбойдақ болып өтуіңіз мүмкін. Әйел адамдарға да нәзік табиғатына қарамастан, бар жауапкершілікті өз мойындарына алуларына тура келеді. Осыған орай, олар киімдерін толықтай жаңартып, шаш түсін өзгертеді. Өкінішке орай, ер адамдардың жеке өмірде жолдары болмай, әбден жүйкелері тозады. Себебі, сүйіктілері жөнсіз қызғанып, күнде жанжал шығаратын болады.

Мансап

Жұмыста жусаннан биік, қойдан аласа болуға тырысыңыз. Қуанышыңызға орай, қыркүйек айында ақшаға қатысты еш қиындық болмайды. Кәсібилігіңіздің арқасында сізге қызықты жобалар ұсынылатын болады. Жаңа іс бастау үшін туыстарыңыздан көмек сұрауыңызға тура келеді.

Табысты күндер: 5, 9, 14, 20, 25, 30
Жағымсыз күндер: 7, 22, 26

Мерген. Жұлдыздар жаңа жұмысқа ауысуға кеңес береді. Күтпеген жерден табысқа кенелесіз. Бірақ, отбасылық өмірде ақшаға байланысты қиындықтар көп болады. Мүмкіндік болып жатса, қыркүйек айында саяхатқа аттаныңыз. Тек жалғыз емес, сүйіктіңізбен бірге. Қыркүйектің басында мергеннің аз жұмыс істеп, көп демалуына тура келеді. Табыс аз болса да, материалдық жағдайы жақсара түседі. Әділдігіңіздің арқасында мансапта көтеріліп, беделіңіз артады.

Денсаулық

Қыркүйек айында шылым шегуді тоқтатып, ішімдікке жоламауға тырысыңыз. Жұлдыздар түнге дейін теледидар қарамауға кеңес береді. Таңертең көтеріңкі көңіл-күймен тұру үшін ертерек ұйықтауға тырысыңыз.

Махаббат

Көптен күткен сүйіктіңіз қасыңыздан табылады. Оның көңілін аулау үшін барыңызды салыңыз. Әйтпесе, басыңызға қонған бағыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Мұнымен қатар, алғашқы махаббатыңызбен қайта қауышып, ертегілер әлеміне бірге саяхаттап кетулеріңіз де ғажап емес.

Мансап

Өсек-аяңға бола ұжымда ұрыс шығады. Бастық мол ақшаға кенелуге болатын жоба ұсынады. Құжаттарға сенімді түрде қол қойып, болмашы қаржылай қиындықтарға бола уайымдамаңыз. Жұлдыздар әйел адамдарға өздері қалаған заттарды алып, өздерін қуантып отыруға кеңес береді.

Табысты күндер: 4, 7, 15, 19, 23, 26
Жағымсыз күндер: 1, 5, 12, 18, 24, 30

Тауешкі. Қыркүйек айында тынымсыз, тіпті, түскі ассыз жұмыс істейтін боласыз. Осының салдарынан денсаулығыңызға зақым келеді. Бұл тек физикалық ауыртпалықтар емес, психикалық қиындықтар болуы мүмкін. Жеке өмірде барынша батыл болуға тырысыңыз. Қажетсіз комплекстерден арылатын уақыт келген сияқты. Қыркүйек айында айналыңыздағылар сізге берешегін қайтарып, табысты жобалар ұсынады. Әрдайым жеңіске ұмтылатын табиғатыңызды сақтап қалуға тырысыңыз. Тауешкілердің жеке өмірінде де өзгерістер болғалы тұр. 2017 жылдың қыркүйек айында барлық жағымсыз әдеттеріңізден арылуға көмектесетін жанды жолықтырып, соған ғашық боласыз.

Денсаулық

Күйзелісті жалғыз өзіңіз жеңе алмайтыныңызға көзіңіз жетсе, тәжірибелі маманға жолыққаныңыз жөн. Тез арада тіс дәрігеріне барып емделіңіз. Ер адамдардың оптимистермен көбірек жолығып, көңілді кештерге жиі барғандары дұрыс.

Махаббат

Сүйген адамыңыз сізді ұнатпай күйзеліске түсесіз. Өмірде барлығы сіз қалағандай бола бермейді. Сол себепті, мұңаюдың қажеті жоқ. Тауешкі, суқұйғыш және бикештермен көңіліңіз жақсы жарасатынын ұмытпаңыз. Тауешкі әйелдерге сүйіктісінің үстінен билік жүргізбегені дұрыс. Ер адамдар өзін басқаратын әйелдерді ұнатпайды. Даналық пен төзімді қауыштыра білген тауешкілер өздері сүйген жігіттің жүрегін жаулай алады. Қыркүйек айында үйде отырып қалмай, мерекелік отырыстарға жиі баруға тырысыңыз.

Мансап

Барлық жұмысты қатар алып жүруге тырысыңыз. Сол кезде табысқа бірден кенелесіз. Сізді көре алмайтын адамдардың қатары көбейеді. Жұлдыздар әйел адамдарға осы айда мансап туралы көп ойламауға кеңес береді. Жеке өмір мен жұмыстағы қиындықтарды араластырып жібермеген жөн. Өзіңіз толық білмейтін жобаларға қатысты құжаттарға қол қоюға асықпаңыз.

Табысты күндер: 3, 12, 17, 22, 25, 29
Жағымсыз күндер: 1, 7, 15

Суқұйғыш. Жеке өмірде тізгінді алуға асықпаңыз. Барлығын бұрынғыдай қалдырсаңыз, сүйіктіңізді жоғалтпайсыз. Жұлдыздар ауруханаға жатып, асықпай емделуге кеңес береді. Өміріңізде түрлі жақсы өзгерістер болады. Көп саяхаттап, жаңа адамдармен табысасыз. Бірақ, махаббат мәселесіне келгенде асығыс шешім қабылдамағаныңыз жөн. Жұлдыздар әйел адамдарға өмірлік қағидалары мен мінезі туралы ойлануға кеңес береді. Өзгермесеңіз, өмір бойы түрлі қиындыққа тап боласыз. Басыңызға қонған бақтан айырылып, өмір бойы жалғыз қалуыңыз мүмкін. Ер адамдар жұмыстарынан айырылып қалулары да ғажап емес. Жақындарыңыздан қарызға ақша алмауға тырысыңыз.

Денсаулық

Қан қысымыңызды бақылап, анализ тапсырыңыз. Жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығып, иммунитетіңіз төмендейді. Жуық арада ішімдік пен шылымнан бас тартқаныңыз жөн. Әйел адамдар иммундық жүйесін қалыпқа келтіруге тырысқандары жөн. Жұлдыздар осы айда орамжапырақ пен қызылшаны және жаңғақты көбірек жегендері дұрыс.

Махаббат

Сезіміңізді білдіретін кезде барынша батыл болуға тырысыңыз. Өзіңіз ұнатқан адаммен мәңгілік бірге болу үшін жағдай жасаңыз. Өсек-аяң, махаббат мәселесіндегі қиындықтарды артта қалдыратын уақыт келген сияқты. Қыркүйек айында сезімдеріңізді жасырып қалуға емес, оларды барынша айтып отыруға тырысыңыз. Сүйіктіңізді бір кездері ақылы мен мінезі үшін таңдаған болатынсыз. Олар болса, оны бақытты ету үшін барыңызды салыңыз.  Ай астында ешнәрсенің мәңгілік емес екенін ескеріңіз.

Мансап

Мансап жолында ілгерілеп, үлкен табысқа кенелесіз. Есепте жаңылыспау үшін ақшаны желге ұшырмаңыз. Ал әйел адамдарды мансап жолында көре алмаушылар көп болады. Сол себепті, әрбір қадамыңызды аңдап басқаныңыз жөн. Ер адамдардың күдікті жұмыстарға араласпағандары дұрыс. Бұл жолы нар-тәуекел пайда әкелмейді.

Табысты күндер: 5, 9, 12, 24, 25, 30
Жағымсыз күндер: 2, 18, 22

Балықтар. 2017 жылдың қыркүйек айында барынша үнемшіл болуға тырысыңыз. Бірақ, денсаулық мәселесіне келгенде, өзіңізден аянып қалмаңыз. Арман-қиялға берілуді доғарып, қазіргі сәтпен өмір сүруге тырысыңыз. Сол кезде жұмыста да, жеке өмірде де табысты боласыз. Өміріңіз түбегейлі өзгеріп, қуанышқа кенелесіз. Мүдірместен құжаттарға қол қойып, жаңа іс бастауға ұмтылыңыз. Балық әйелдерге өткен өмірдегі проблемалар туралы мүлдем ойламаған дұрыс. Себебі, уақытты кері қайтару мүмкін емес. Ал ер адамдардың айналадағылардың емес, өзінің қалауына құлақ асқаны жөн.

Денсаулық

Жұлдыздар таза ауада көбірек қыдыруға кеңес береді. Мүмкіндік болса, таулы, орманды аймақтарға қыдырып барыңыз. Балық әйелдерге денсаулығы туралы көп алаңдаудың қажеті болмайды. Бірақ, кейде ауа райына байланысты басыңыз ауыруы мүмкін.

Махаббат

Бұл айда жеке өміріңізде түбегейлі өзгерістер болады. Отбасын құрғыңыз келіп жүрсе, жолыңыздың болғаны. Сүйіктіңіздің көңілін жаулау үшін барынша тырысып бағыңыз. Романтик болыңыз. Ал ер адамдар, өкінішке орай, сүйіктісімен жанжалдасып, жүйкелері әбден тозады.

Мансап

Бұрынғы жұмыстардың барлығын аяқтағаннан кейін ғана жаңасын бастаған дұрыс. Бастысы, ақша үшін ғана еңбектенуді доғарыңыз. Бастығыңызбен, әріптестеріңізбен келіспей қалуларыңыз мүмкін. Әйел адамдардың өздерінің мүмкіндіктерінен күдіктенбегендері жөн. Өзгеге емес, тек өзіңізге сенім артыңыз. Ер адамдар да сенімді түрде мансаптарын құрастыруларына болады. Оның үстіне бұған күш-қуатыңыз ғана емес, ақшаңыз да жеткілікті.

Табысты күндер: 5, 9, 12, 24, 25, 30
Жағымсыз күндер: 2, 18, 22


Жіберіп алмаңыз:

Осетияда бұлақтың суы лапылдап жанды (видео)

Полицейлерден қашып мұхитта жүзген жігіт акулаға тап болды (видео)

Ақшаны оңды-солды шашпайтын 12 танымал тұлға (фото)

Итті құдай көретін мяо халқы оған ерекше құрмет көрсетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар