Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдың ең ерекше фотосуреттері

Фотосуретшілер үнемі ізденіс үстінде жүріп, ел есінде және тариха мәңгі қалатын фотосуреттер түсіруге тырысады. Кейде фотокамера көмегімен түсірілген суреттегі көріністі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Биылғы жылдың ең ерекше суреттері қатарына кірген фотосуреттерге көз алмай қарай беруге болады. Оларды тамашалағанда, көңіл-күйді суреттен артық ештеңе жеткізе алмайтынын ұғасың.

Терісіне ақтаңдақ түскен модель

Бұл фотосуреттегі – Винни Харлоу есімді модель. Ол терісіне ақтаңдақ түскеніне қарамастан модель болып, танымалдыққа ие болған. Харлоу Париждегі сән апталығы аясында Елисей жазығындағы подиумға шықты.

Сынған Гремми мүсіні

Әнші Адель «Hello» әні үшін иеленген Гремми мүсінін сол бойда сындырып алған.

Солтүстік Кореялық зымыран

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Hwasong-12 зымыранының ұшқанын бақылауда.

Еш боямасыз

Ер адам Лапландия аспанындағы Солтүстік шұғыласын тамашалап тұр.

Қайықтағы екеу және ит

АҚШ-тың Техас штатындағы Орандж қаласында болған Харви дауылынан кейін үйін су басқан Дэвид Гонсалес әйелі Кэтиді тыныштандыруда.

Тәуекелге бел байлау

Ауғанстандық полицейлер террористердің шабуылы кезінде баланы құтқарып қалуға тырысуда.

Мұңлы ханзада

Британиялық тақтың мұрагері Джордждың Германияға барған сапарында белгісіз себептермен көңіл-күйі түскен.

Ортақ қайғы

Манчестерде өткен Ариана Гранденің концерті кезінде болған жарылыста мұсылман мен иудаизм діні өкілі бірдей әсер алды.

Соғыстан қашу

Мальта маңында қайықтары суға батып кеткеннен кейін, босқындар аман қалуға тырысуда.

Түстер фестивалі

Үндістанның Мумбай қаласында атап өтілген түстер фестивалінде кішкентай қыздың үстіне бояу шашылған кезде фотосуретші ерекше сәтті суретке түсіріп алған.

Оқи отырыңыз:

Астана төбесіне күмбез орнататын сәулетші Калатраваның әлемдегі ең ерекше жобалары

Әлемдегі ең әдемі қыз белгілі болды

Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Қазақстанда қандай жағдайда балалар үшін жәрдемақы төленеді

Талқылау