Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдан бастап университетке түскісі келетіндер ғана ҰБТ тапсырады

Ұлттың бірыңғай тестілеу өз форматын өзгертпек. Енді тесттік жүйе университетке түсу үшін тапсырылатын емтихан жүйесіне сәйкестендіріледі.

555555555

Сурет otyrar.kz

ҚР білім және ғылым министрлігі басшылары біраз жылдардан бері осы бір жүйені өзгертуге талпынып жүр. Сәуір айында елімізде қабылданған заңдардың ішінде “білім туралы” заң да бар екен.

Мектептерде кәдімгі емтихан жүйесі қалпына келтіріліп, ҰБТ жоғарғы оқу орнына түсетіндер үшін ғана пайдаланылатын жүйе болмақ. Заң жобасын жасаушылар міндетті екі тіл – қазақ және орыс тілдерінде емтихан жүргізілетінін айтты.

“Екі жыл көлемінде біз әлеуметтік сұрау жүргіздік. Адамдардың көпшілігі ҰБТ-ның екі кезеңге бөлінгенін қалайды. Енді мектептерде тесттің шуы басылады. Оқу орындары бір-бірімен бәсекеге түспейді”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің басқарма бастығы Зинаш Жанділдина.

Жаңа тәжірибе 2017 жылдан бастап өз күшіне енгізілмек.

Талқылау