2017 жылдан бастап университетке түскісі келетіндер ғана ҰБТ тапсырады

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 15:42

Ұлттың бірыңғай тестілеу өз форматын өзгертпек. Енді тесттік жүйе университетке түсу үшін тапсырылатын емтихан жүйесіне сәйкестендіріледі.

555555555

Сурет otyrar.kz

ҚР білім және ғылым министрлігі басшылары біраз жылдардан бері осы бір жүйені өзгертуге талпынып жүр. Сәуір айында елімізде қабылданған заңдардың ішінде “білім туралы” заң да бар екен.

Мектептерде кәдімгі емтихан жүйесі қалпына келтіріліп, ҰБТ жоғарғы оқу орнына түсетіндер үшін ғана пайдаланылатын жүйе болмақ. Заң жобасын жасаушылар міндетті екі тіл – қазақ және орыс тілдерінде емтихан жүргізілетінін айтты.

“Екі жыл көлемінде біз әлеуметтік сұрау жүргіздік. Адамдардың көпшілігі ҰБТ-ның екі кезеңге бөлінгенін қалайды. Енді мектептерде тесттің шуы басылады. Оқу орындары бір-бірімен бәсекеге түспейді”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің басқарма бастығы Зинаш Жанділдина.

Жаңа тәжірибе 2017 жылдан бастап өз күшіне енгізілмек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

22
Комментариев
  • Анонимно says:

    ата-анамын маған бұрынғы ұбт-ы ұнайды

  • асемай says:

    кыиын боладыгой

  • Жеңіс says:

    Автор кім кешенді тапсырамыз ба. Қалай болады алде универде тапсырамыз ба?

  • нуршаш says:

    ҰБТдан киын болама

  • Анонимно says:

    Кешенди тапсырушылар не истейди? Грантка тусу ушин.?Отиниш жауап бериниздерш. Манызды. Отиниш

  • Анонимно says:

    2017 жылғы түлектер қай бағытта дайндалады, әр адам өз өзгерістерін жасап жатыр. Біл шешімге тоқталыңыздаршы, уақыт өтіп жатыр?

  • Анонимно says:

    Тест тапсыру тілі өз еркімен болама

    • Anonymous says:

      ҰБТ бойынша тесттер жүйелі құрылмаған. Екі жауабы бар нұсқалардың кейбірінде 1 ғана жауабы дұрыс, кейбірінде 2-3 жауап. Түлектер шатасып бітті

  • Қайрат says:

    Сауал дейсіздер ме? Қандай сауал???? Сіздер сауалды көшедегі жай жүрген немесе басқа адамдардан сұраманыздар. Сауалды мектеп бітіруші түлектерден, сонымен қатар мектеп оқушыларынан алғандарыныз жөн.

  • Анонимно says:

    2017 жылғы түлектер тест тапсырмайды ма?

  • Анонимно says:

    2017 жылы 11 сынып бітірген оқушылар тест тапсырмайды ма?

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар