Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы төбемізді көкке жеткізген спорт оқиғалары (фото)

2016 жыл қазақ спорты үшін табысты өтті деуге толық негіз бар. Спортшылардың кәсіби саласы мен жеке өмірінде де бірқатар қуанышты жаңалықтар болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Безымянный

Жыл басында жеңіл атлеттеріміз Ольга Рыпакова мен Элина Михина Катарда жабық кешенде өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Риддерлік желаяқ қыз Элина Михина 400 м қашықтықта екінші келді, ол Азияның жаңа рекордын орнатқан (51,67) брунейлік спортшы Миждат Олувакемиға ғана есе жіберді.

Ольга Рыпакова күткеніміздей Азия чемпионы атанды. Ол соңғы мүмкіндікте 14,32 м ұзындыққа секірді. Бұл да Азия біріншілігінің жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова үшінші орында.

1_245

Биылғы жылы Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың шаңырағы тағы бір сәбимен толықты. Чемпионның келіншегі оған ұл сыйлаған.

20140704082751-768x513

Кәсіпқой шаршы алаңда әлемдік алпауыт боксшыға айналған Геннадий Головкин 35-ші кездесуі және 35-ші жеңісіне қол жеткізді. Қарсыласы 25 жастағы Доминик Уэйд те қарымды боксшы еді. Жекпе-жек 2 раундқа созылды. Америкалық былғары қолғап шебері барынша тырысқанымен қазақстандық үздіктен айласын асыра алған жоқ. Осыған дейін ол 18 кездесуінің бірде-бірінде жеңілмеген болатын.

Рио олимпиадасынан соң Головкин британиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті.Лондондағы О2 аренада өткен бокс кешінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукті (36-0, 25 КО) 5 раундта сұлатып салуға шақ қалды. Брукты өзінің бапкерлері ғана құтқарып қалды. Олар жекпе-жекті тоқтататындарын айтып, шаршы алаңға ақ орамал тастауға мәжбүр болды.

7-VAbwR-XRg

Биылғы жыл тағы бір талантты кәсіпқой боксшымыз Қанат Ислам үшін де табысты өтті. Ол өзінің кәсіби жолындағы 21-ші кездесуінде колумбиялық Хуан де Анхельмен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Арада біраз уақыт өткенде ол Алматыда үлкен бокс кешін өткізіп, ганалық Патрик Аллотеймен кездесіп, ұпай санымен қарсыласынан басым түсті. Осылайша Қанат Ислам кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті. Қос боксшы “Алматы-аренада” WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күш сынасқан болатын.

1433750079qf99x-620x388

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы жыл сайын әлемдік футбол жұлдыздарымен толығуда. Солардың бірі – биыл “Қайрат” сапына қосылған Андрей Аршавин. Кезінде “Зенит”, “Арсенал” сынды алпауыт клубтар сапында ойнап, Ресей ұлттық құрамасының ұзақ жылдар бойы капитаны болған Аршавин, алматылық команданы өрге сүйреп жүр.

news_big_3b8178c809f0c7c4b7891bbffa8ff8f3

Биыл Астанада тұңғыш рет қыздар арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп, екі бірдей бұрымдымыз әлем чемпионы атанды. 48 келі салмақ дәрежесіндегі Назым Қызайбай финалдық бәсекеде қытайлық Ванг Юаньді 3:0 есебімен ұтты. 22 жастағы Назым бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол алғашқы алтынды 2014 жылы олжалаған болатан. Назымнан бөлек Дина Жоламан да әлем чемпионы атанды. Финалда ол болгариялық Стойка Петрованы 3:0 есебімен тізе бүктірді.

20160527154333

Футболдан Қазақстан құрамасына бас бапкер болып 24 маусым күні отандық маман Талғат Байсуфинов тағайындалды. Ол бұған дейін бірнеше ай бойы бас бапкердің міндетін атқарушы қызметінде болған еді. Осылайша Байсуфинов Қазақстан футболының тарихындағы 13-ші бас бапкер.

5731e86630d49-768x511

Сондай-ақ, биыл жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отау құрып, мүмкіндігі шектеулі спортшы Зүлфия Ғабидуллина Паралимпиаданың тұңғыш алтынын иеленді. Тағы да бір қуантқан жағдай алты жасар шымкенттік спортшы Джаноб Гафуров каратэден әлем чемпионы атанып, танымал қазақ палуаны, «Қазақстан барысының» үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев қызды болды.

Бұлардан бөлек жылдың ең басты оқиғасы – Рио олимпиадасы. Олимпиадада Қазақстан құрамасы сапынан мына спортшылар жүлдеге қол жеткізді: 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлетНиджат Рахимов (96 келі), 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы (69 келі) атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр. Данияр Елеусінов 64 келі салмақта Лондон олимпиадасына қатысып, жеңіліп қалған еді.

20160818015220-768x512

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов (60 келі), боксшы Василий Левит (91 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі), еркін күрес шеберіГюзель Манюрова (75 келі) және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Күміс жүлдегерлердің арасында Әділбек Ниязымбетов пен Гюзель Манюрова екі олимпиада қатарынан тұрақты түрде жүлде алып отыр. Боксшы Әділбек Лондон олимпиадасында (2012) дәл осы салмақта күміс иеленсе, Гюзель Манюрова төрт жыл бұрын қола еншілеген. Ал Жазира Жаппарқұл бұған дейін тек 2010 жылы жасөспірімдер олимпиадасында ғана топ жарған.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Бұл спортшылардың арасында Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды. Сондай-ақ, бұл қатарда 20 тамыз күні қола жүлде алған боксшы Иван Дычко (91 келі) мен әйелдер арасындағы бокс бәсекесінде оза шапқан Дариға Шәкімова да (75 келі) бар. Дариға Шәкімова қазақ қыздарының арасынан алғаш бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Иван Дычко бұған дейін Лондон олимпиадасында да осы салмақта қола жеңіп алған еді.

Оқи отырыңыз:

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Илья Ильин жетім балаға тегін білім беру депозитін ашты

Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Талқылау