Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

«2016 жылы биографиялық телевизиялық жобаларды түсіруді жалғастырамыз. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов туралы 2016 жылы телевизиялық сериал түсіреміз», – деді «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Айдос Үкібай.

RVJuKOWQHNc

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында  мәлім етті.

«2016 жылы биографиялық телевизиялық жобаларды түсіруді жалғастырамыз. Өздеріңіз білесіздер, бұндай жобалар қымбатқа түседі және қажырлы еңбекті қажет етеді, сондай-ақ ең бастысы -осындай телесериалдарды жоғары жауапкершілікпен бастау керек. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов туралы 2016 жылы телевизиялық сериал түсіруді парыз деп санадық. Бұл тұрғыда осы туындыны көрермендерге ұсынбақпыз», – деді А. Үкібай.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалпы бір жылда 10 телесериал шықты. Осы жылы көрермендерге аты аңызға айналған дирижер әрі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арнайы түсірілген «Құстар әні» көп сериялы көркем фильм ұсынылды. 

Талқылау