Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы қазақ спортындағы қабырғамызды қайыстырып, жанды жабырқатқан сәтсіздіктер (фото)

Әне-міне шығарып салғалы отырған ескі жылда біраз жетістікке жетумен қатар, бірқатар сәтсіздіктерге де ұшырады ел спорты. Солардың негізгілерін сараптап, назарларыңызға ұсынамыз. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

6565

Биылғы көктемде Алматы жұртшылығы әйгілі балуан Әбілсейіт Айхановты ақтық сапарға шығарып салды. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еркін күрестен Қазақстанның 11 дүркін чемпионы Әбілсейіт Айқановпен қоштасты. 1983-1986 жж. еркін күрестен Ауғанстанның ұлттық командасының жаттықтырушысы болып, 22 халықаралық сайыстардың жеңімпазын, төрт халықаралық дәрежедегі спорт шеберін тәрбиеледі.

sportshy

Сайтымызда даңқты ауыр атлет, 2004 жылы Афины жерінде өткен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Сергей Филимоновтың қарапайым көлік жөндеу орталығында жұмыс істеп жүргені туралы ақпарат шықты.

20161107171230-768x512

Сергей 1975 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданына қарасты Үштөбе ауылында дүниеге келген. Ауыр атлетикаға қызыққан Сергей 9 жасынан бастап спорттың осы түрімен ден қойып айналыса бастады. 1995 жылы Европа чемпионатында алтын еншілесе, 1998 жылы Банконгтегі Азия ойындарында қола, 2002 жылы Пусандағы Азия ойындарында алтын алып ел мерейін үстем етті.

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Ұлан Қонысбаев Қытай құрамасына қарсы жолдастық кездесу кезінде өте ауыр жарақат алды. 7 маусым күні Қытайдың Далянь қаласында футболдан Қазақстан мен Қытай құрамасы жолдастық кездесу өткізіп, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Әуедегі таластан кейін жерге сәтсіз құлаған футболшының тобығы тайып, аяқ сүйегі ашық сынып кеткен.

7777-1-768x478

Биыл ел ауыр атлетикасы үшін даулы оқиғалар тым көп орын алды. Алдымен ауыр атлет Владимир Седов өзінің Instagram парақшасында 2008 жылғы Олимпиадада не себепті жеңілгенін, Илья Ильинге көзқарасының қандай екенін ашық әңгімеледі. Кейін ол Талдықорғанда өткен ел чемпионатында штнгіні көтерудің орнына үстіндегі футболкасын шешіп, “Міне – олимпиадалық чемпион” деп лақтырып кеткен болатын. Ал футболкаға ресейлік ауыр атлетші Александр Ивановтың суреті салынған екен. Ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада Илья Ильинмен алтынға таласып, жеңіліп қалған.

photo_65530

Талантты қазақстандық ауыр атлет, 2014 жылғы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев допинг дауына ілігіп, 8 жылға спорттан шеттетілді.

Кейінірек Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер – Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті. Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті. Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді.

b69bf688c30d5824fe5351d627308b2b-770x439_c-768x438

Екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы ауыр атлет Илья Ильин допинг дауы бойынша айыпталып, Рио олимпиадасына қатыса алмады. Дау мұнымен де бітпей, ол Пекин және Лондон олимпиадасындағы алтын жүлдесінен де айырылып қалады.

9_11-620x349

Лондондағы алтынынан айырылған ауыр атлеттердің қатарында Мая Манеза, Зұлфия Чиншанло, Светлана Подобедовалар да бар.

v-7

Шілде айында атақты кикбоксер Азамат Нұрпейісов қатерлі дерттен көз жұмды.

azamat-620x413

Сондай-ақ, аты аңызға айналған қазақстандық және кеңестік волейболшы, КСРО-ның және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жанбек Саурамбаев 77 жасында дүние салды.

20161025132035-768x512

Оқи отырыңыз:

2016 жылы төбемізді көкке жеткізген спорт оқиғалары (фото)

2016 жылы шоу-бизнесте болған атышулы 5 оқиға

Орны толмас шығын: 2016 жылы қайтыс болған танымал адамдар

Астрологтар мен нумерологтар 2017 жылда қандай өзгерістер күтіп тұрғанын хабарлады

Талқылау