Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 700 стипендия беріледі

Мамандықтардың жаңа тізімі мемлекеттік органдардың тапсырыстары бойынша ғана жасақталды және екі есеге дейін қысқартылды. Тізбеде барлығы 161 мамандық ұсынылған. Оның 45-і медицина, 67-сі техникалық және 49-ы гуманитарлық мамандықтардан тұрады.

????????????????????????????????????

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен  шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның  отырысы аясында Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығметов мәлім етті.

«Бүгін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның  отырысы өтті. Бұл отырыста бірнеше мәселе қаралды. Біріншіден, комиссияның берген тапсырмалары бойынша қандай істер атқарылғандығы жайында Білім және ғылым министрі баяндама жасады. Соның ішінде келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап «Болашақ» ережелеріне бірнеше өзгеріс енгізіледі. Инженерлік-техникалық мамандарға жаңа магистратура ашылады және «Болашаққа» түсу талаптары күшейтіледі», – деді Ғ.Нығметов.

Оның атап өтуінше, екіншіден, «Болашақ» арқылы оқитын мамандықтардың тізімі қабылданған. Бұл тізімде ең басты көңіл  техникалық мамандықтарға берілген.

«Үшіншіден, комиссияның шешімімен 375 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Бұл дегеніңіз, осы жылдың соңына дейін барлық конкурстық кезеңдер өтті деген сөз. Төртіншіден, келесі жылға комиссияның шешімімен 700 стипендия бөлінді. Бұл осы жылмен салыстырғанда 100 стипендияға көп», – деген ол биыл 601 стипендия тағайындалғанын еске салып өтті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның  отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

«Бүгін біз шетелде кадрларды даярлау жөніндегі комиссияның осы жылғы соңғы отырысын өткіземіз. Жақында ғана Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын ұсынды. Онда жаңа әлеуметтік саясатқа аса көңіл бөлінді. Оның ішінде, әрине, кадрлар даярлау мәселесі бүгінгі күнде өзекті жайттардың бірі. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша да өзгерістер дайындалды. 1 қаңтардан бастап жаңа өзгерістер жүзеге асатын болады», – деді ол.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде ұлттық экономиканың жетекші салаларын екпінді дамыту үшін озық білім мен тәжірибені белсенді түрде трансферттеу процесіндегі ерекше рөлді атап өтті.

Комиссияның шешімімен магистратурада және докторантурада оқуға әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдаға жіберілетін 375 үміткерге стипендия тағайындалды.

Сонымен қатар комиссияның жұмысы аясында 2016 жылға басым мамандықтар тізбесі бекітілді. Мамандықтардың жаңа тізімі мемлекеттік органдардың тапсырыстары бойынша ғана жасақталды және екі есеге дейін қысқартылды. Тізбеде барлығы 161 мамандық ұсынылған. Оның 45-і медицина, 67-сі техникалық және 49-ы гуманитарлық мамандықтардан тұрады. Отырысты қорытындылаған Г.Әбдіқалықова 2016 жылы стипендияны дамытудың жаңа бағыттарын іске асыруға және үмтікерлерді іріктеудің сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Талқылау