Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылғы саяхат үшін ең арзан елдер анықталды

2016 жылғы саяхат үшін ең арзан елдер Үндістан мен Индонезия деп танылды. Бұл туралы Skyscanner туристік қызметінің зерттеуіне сілтеме жасап ресейлік БАҚ хабарлады.

vcwnHPRWsm-1440x900

Тізімді жасау барысында екі адамның бір тәулікте тұруы, тамақтануы және көлікке жұмсалатын ақшасын сараптау қорытындысы негізге алынды.

Үндістан мен Индонезиядағы бір күндік сапарына жұп орташа алғанда 40 доллар жұмсайды. Авторлар атап өткендей, үнемшіл туристер үшін Үндістанда тәулігіне 20 доллар да жеткілікті болуы мүмкін.

Непал мен Вьетнамды бір күн аралауға 45 доллар кетеді. Лаоста 55 доллар, ал Шри-Ланкада 60 доллар жұмсалады.
Тізімді құрастырушылар Ресейге көршілес елдерде де арзан демалуға болатынын айтты. Мәселен, Абхазияда бір тәулікте 65 доллар, Арменияда 70, ал Грузияда 80 доллар жұмсалатын көрінеді.

Еуропалық елдердің ішінде қалта көтерерлік елдер болып Сербия, Болгария, Черногория, Румыния және Венгрия саналады. Мұнда тәулігіне шамамен 70-тен 85 долларға дейін ақша керек.

Рейтингті құрастырғанда ұшақпен ұшуға төленетін ақша есептелмеді, деп жазды ТАСС.

Талқылау