Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері қалың қар жауады

“Қазгидромет” АҚ өзінің ресми сайтында алдағы 10-12 желтоқсан күндеріне арналған ауа-райы болжамын жария етті.

847531

Фото: Sputnik Казахстан

Болжам барысында синоптиктер қалаларда көктайғақ орын алатынын айтыпты.

“Атлантикада туындаған циклондар, үлкен жылдамдықпен континентке және әрі қарай Сібірге жылжып келеді. Ал циклондармен байланысты қалыптасқан атмосфералық фронттар Қазақстан ауа-райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері оларға ілескен қар жауу, боран және күшті батыс желі күтіледі. Атлантикалық циклондардағы ауа жылы болғандықтан, қысқа мерзімді суықтан кейін қайта ауа температурасының көтерілуі және көктайғақ күтілуде”, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондай-ақ, Алматыда демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы нөл градусты көрсетпек. Ал Астанада күн бұлтты, қар жауып, 4-9 градус аралығында аяз.

Оқи отырыңыз:

«Ағайынды төртеу» немен айналысты: бандалық топ құрамында 300-ге жуық адам болған

Күйеуін өлтіріп алған келіншек сот залынан ақталып шықты

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

Талқылау