2016 жылға арналған жұлдыз-жорамал

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 19:06

2016 жыл қызықты сәттер мен есте қаларылық оқиғаларға толы болады. Ол материалды құндылықтар, жеңісті көксеу, рухани ізденіс пен жайлылыққа деген ұмтылыс басты мақсат болатын сипат алмақ.

astrologicheskiy_prognoz_2016_01

Сурет: stuki-druki.com

Үстіміздегі жылы әлемдегі жағдай тыныш бола қоймайды: жағымды процестер баяу қарқында жүріп, жетістіктер қиындықтар арқылы жетіледі. Сондай-ақ, кей мемлекеттерді түбегейлі өзгерістер күтуде. Мемлекет ішіндегі қақтығыс, жаһандық саяси процестер, табиғат өзгерісі де орын алу мүмкін. Жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдары жанжалды әшкерелеуге толады. Аталғандарға қарамастан, қоғамда рухани жетілуге деген мығым ұстаным қалыптасып, философия мен дінге қызығушылық артады.

Тоқты: Үстіміздегі жылы кәсіби қызметіңізде үлкен өзгерістер күтіледі. Тіпті, бұл жұлдыз белгісіндегі туғандардың кейбірі басқа салаға бет бұрып, болашағы бар мамандық иесі атанады. Алайда діттеген мақсатыңа жету үшін, өмірдегі барлық іс-әрекетте табандылық танытып, қосымша күш жұмсау керек. Отбасылық өміріңізде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алда-жалда өзгеріс бола қалғанның өзінде, ол сіздің пайдаңызға болмақ.

Торпақ: Өміріңіз ойыңыздағыдай өрбіп келе жатқанымен, аңсағаныңызға қол жеткізбекте ыждаһатты болғаныңыз жөн. Бұл жыл қиындықсыз өтпейді, бірақ әр асуды бағындырып, қиындықпен күрескен сайын өмірден тәжірибе жинап, қанатыңыз қатая түседі. Сүйген адамыңызға жылы шырай таныта білсеңіз, жеке бас мәселесінде бақытқа қауышасыз.

Егіздер: Көрген-түйгені мол адамдармен араласу егіздерге рухани толастап, тәжірибелі болуға себін тигізеді. Жаңадан келген жыл көптеген дүниеге көзіңізді ашып, кәсібіңіз бен жеке өміріңіздегі бас қатырарлық мәселер өздігінен шешіледі. Кейбір егіздер жанұясы жаңа адамдармен толығуы ықтимал.

Шаян: Жұмысыңыздағы қиындықтарға қарамастан, көптеген шаяндар мансап баспалдағында алға жылжиды. Бастысы, төзімді болып, мәселені жылдамдатуға тырыспаған абзал. Жыл басында созылмалы аурулардың сыр беруіне байланысты қиындықтар орын алуы мүмкін.

Арыстан: 2016 жыл арыстан белгісінде туылғандар үшін бірсарынды бола қоймайды: бірде сәтсіздікке ұшыраса, бірде айы оңынан туып, өткен күнде қалған армандарының есесін толтыра алады. Бастысы, өзіңізге сенміділікті жоғалтпаңыз. Сіздер үшін күз мезгілі жайлы болмақ.

Бикеш: Жылдың алғашқы жартысында қызметіңіз бен мансабыңызда жетістіктерге жетуге мүмкіндік пайда болады. Алайда отбасы мәселелеріне байланысты мүмкіндігіңізді жіберіп алуыңыз ықтимал. Сондай-ақ, қастық ойлаушылардың әрекеттері себепті кей дүниелерден айырылуыңыз болжалуда. Жаз мезгілінің ортасынан бастап жағдай жақсара бастағанмен, қиындықтар толығымен жоқ болып кетпейді.

Таразы: Жыл қоғамдық өмірде табысқа жетуді қалайтын таразаларға танымалдық алып келеді. Ал жылдың екінші жартысы – қызмет пен білім аясын кеңейтуге қолайлы. Жеке өміріңізде күтпеген жағдайлар орын алса да, олар жағымды сипатта болады.

Сарышаян: Бұл жылы жақындарыңызбен, сүйіктіңізбен қарым-қатынас уайымға батырып, біраз әбігерге салады. Оған қоса, араларыңыздағы дау ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Көктемгі уақыт – қаржы жұмсауға қолайсыз. Бірақ жылдың екінші жартысында қалтаңыз қалыңдап, бастаған істеріңіз жемісін береді.

Мерген: Күз түскенше қаржылық мәселелерде сақтық танытыңыз. Тәуекелге барудан бас тартып, қаражатыңызды сақтаудың тиімді жолдарын ойластырыңыз. Сәтсіздіктерге ұшырауыңыз мүмкін. Бірақ өзіңізге деген сенімділікті еш уақытта жоғалтпаңыз. Табанды болып, аянбай еңбек етіңіз. Ол қиын сәттерді жеңіл өткеруге көмектеседі.

Тауешкі: Барлығын алдын-ала жоспарлауға тырыссаңыз да, бұл жыл тосын сыйларға толы болады. Бұл қызметіңізге де, отбасыңызға да қатысты. Жылдың екінші жартысында қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін.

Суқұйғыш: Биылғы жыл биіктерге самғап қана қоймай, шыңнан төмен құлауыңыз күтілуде. Мұнымен қатар, жаныңызға жақын адаммен ренжісіп, бір-біріңізден алыстауыңыз мүмкін. Жылдың екінші жартысында еңбекқорлығыңыз бен жауапкершілігіңіз себепті қызметіңізде табыстарға жетіп, биіктерден көрінесіз.

Балықтар: Жыл басында түйіні шешілместей көрінген мәселелер уақыт жылжыған сайын ойыңыздағыдай жүзеге аса бастайды. Жеке өміріңізде уайымға салынуыңыз мүмкін, махаббат мәселесінде әдептен аспағаныңыз дұрыс. Жыл ішінде өзіңізді нашар сезініп, бойыңызда бұғып жатқан дерттің сыр беруі ықтимал.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру

мулдем сайкес емес

Дурыс”

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар