Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз-жорамал

2016 жылдың желтоқсан айы – батыл қадамдар мен жаңалықтар үшін тамаша уақыт. Бұл айда біліміңіз бен біліктілігіңізді арттыратын зерттеу жұмысын жүргізуіңізге болады. Ал соңғы айдың орта тұсында рухани әлеміңізді ерекше назарда ұстап, кемелдік пен рухани тыныштыққа кенелу жолдарын іздестіретін боласыз. Жаңа істерге шығармашылық тұрғыдан қарау арқылы жаңа белестерді бағындырып, жетістікке қол жеткізесіз. Жылдың қорытындылаушы айында өзіңізге сенімділігіңізді арттырып, батыл шешім қабылдаудан қорықпау керегін ұмытпағайсыз.

56702cac70a5d_2830

Тоқты. 2016 жылдың желтоқсан айында Тоқтылар жаңа жыл мейрамына дайындалады. Үйдің шаруасына бар уақытыңызды арнайсыз. Өз кезегінде ол сізге қуаныш пен шаттық сыйлайды. Бұл айда жасаған істеріңізді ой елегінен өткізіп, қорытындысын шығаруыңыз керек. Ал сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіріп, сезіміңізді білдіруді үйренгейсіз. Тоқтылар жаңа жылды қайда, кімдермен бірге қарсы алатыны жөнінде көп ойланады. Тек мейрам жайын ғана ойламай, келесі жылы қолға алуыңыз керек істерді сана сарабына салғаныңыз жөн. Желтоқсан айында жұмысыңыз жайлы ұмытпағаныңыз жөн. Жұлдыздар ақшаңыздың жұмсалуын жоспарлауға кеңес береді.

Жылдың соңғы айында шаруаға шаш-етектен батасыз. Сондықтан сабырлылыққа үйреніп, күшіңізді жиғаныңыз абзал. Егер Тоқтылар әр іісте асығыстық танытса, нәтижесінің жемісті болары, қуантары екіталай. Махаббат мәселесінде де барынша жұмсақ болуға тырысыңыз. Сонымен қатар сүйітіңізе көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Ал денсаулығыңызда кінәрат пацда болмас үшін, зиянды әдеттерден бойыңызды аулақ салғайсыз.

2016 жылдың желотқсанында Тоқтылардың денсаулығы күшті болады. Әрине, егер өзін күтетін, денсаулығын сақтай білетін жан болса. Мейрам қарсаңында жұмысыңызда отырыстар жиі ұйымдастырылады. Жұлдыздар артық астан тыйылуды, ішімдіктен бас тартуды ескертеді. Асқазаныңыздбен байланысты қиындықтар туындамасын десеңіз, ашты, тұзды, майлы тағамдармен әуестенбеңіз.

Жағымды күндер – 2, 7, 9, 15, 17, 22 және 30 

Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24 және 28

Торпақ. Жылдың қорытындылаушы айында Торпақтар жолында кезігетін ең үлкен мәселе қаржыға келіп тірелмек. Ақшаңыз жетпей, нені қайда жұмарыңызды білмей, бас қатыруыңызға тура келеді. Алайда ай ортасында бұл жағдайыңыз ретке келеді. Торпақтар қосымша табыс көзін тауып, бизнес-жоспарға қосқан үлесі үшін жақсы пайыздарға иемденбек. Айта кетерлігі, туысқандырыңыз да қиын жағдайда қалдырмайды. Олар қиындықтан шығуға материалдық тұрғыдан көмектеседі. Бірақ олардан көмек сұрауға арланбаңыз. Желтоқсан айына арналған жұлдыз-жорамал кез-келген ісіңіздің табысты болатынын уәде етеді. Бұрыннан ұнатқан ғашығыңыздың жүрегін бір көзқарасыңызбен-ақ жаулай аласыз. Өз махаббатыңызды жіберіп алмаңыз. Әйтпесе алдағы уақытта батылдық танытпағаныңыз үшін талай бармағыңызды шайнайсыз.

Торпақтар уақытының басым бөлігін отбасымен бірге өткізеді. Ол жұбайымен қарым-қатынасын нығайтып, махаббат отын маздата түседі. Бұрыннан бері санаңызды шырмаған жоспарларды қолға алу үшін желтоқсан айы – таптырмас уақыт. Ықпалды адамдардың сеніміне иелену үшін батыл да алғыр болуға тырысыңыз. Торпақтарға компьютер алдына ұзақ отырмаған жөн. Керісінше жағдайда омыртқаңыз бен көзіңізге зияны тиюі мүмкін.

Егер Торпақ әр істің шегін білсе, денсаулығына қауіп төнбесі анық. Компьютер алдында өткізетін уақытыңызды азайтып, таза ауада жиі серуендеңіз. 2016 жылдың желтоқсанына арналған жұлдыз-жорамал тәтті тағамдардан бас тартпауға кеңес береді. Қыс мезгілінде мұндай тағамдар Торпақтарға күш-қуат пен тамаша көңіл-күй сыйлайды. Ас мәзіріңізге жеміс-көкөніс шырындарын, жұмыртқа пен тауық бауырын қосқаныңыз жөн.

Жағымды күндер – 6, 9, 11, 15, 17, 30 

Жағымсыз күндер – 10, 12, 18, 23, 24

Егіздер. Егер Егіздер жарқын сәттерді сағынған болса, 2016 жылдың желотқсан айы небір қызықтарға толы болмақ. Сіздің көңіл-күйіңіз биікте шарықтайды, сондықтан тынығып, әрбір минутынан ләззат алудың ұмтыпаңыз. Бұл айда атқаруыңыз тиіс шаруалар шаш-етектен. Олардың барлығына үлгеруге тырысудың қажеті жоқ. Қалтаңыздың қамы мен жеке табысыңыздың күйттеп жүріп, өміріңіздегі ең маңызды дүниелерді көзден тыс қалдыруыңыз мүмкін. Мысалы, отбасыңыз, сүйіктіңіз, достарыңыз жайлы. Жұлдыздар жиі адамдар арасында болып, түрлі іс-шараға қатысуға кеңес береді. Бірақ жеке өміріңіздегі табыстарыңыз бен қуанышыңызды жалпақ жұртқа жаюдан аулақ болғайсыз. Егізердің айналасында көре алмайтын жандар көп, сондықтан өміріңіздің кей тұстарын құпияда ұстаған абзал.

Желтоқсан айы –жақын адамдарыңызға көп уақытыңызды арнайтын уақыт. Олармен араласу арқылы Егіздер өздерін жайлы, тыныш сезінеді.  Ал жеке өмірлері тікелей белсенділігімен байланысты. Егер жылдың соңғы айында әлдекімге құлай ғашық болса, бұл сезім мен қарым-қатынас шаңырақ құруға бастайды. Десе де кейде жаныңыз жалғыздықты қалайтын кездер болып тұрады.

Жүйке жүйеңізді сақтаңыз! Бұл ережені ай бойы есіңізден шығармауыңыз тиіс. Демалыңыз, қиындықтар жайлы ойламауға күш салыңыз, жаныңызды түсінетін жандармен ғана араласыңыз. Жұлдыздар жиі таза ауада дем алуды кеңес етеді. Күннің суығынан қорықпаңыз, жылы киініңіз. Асқазаныңыз бен ішек жолдарына байланысты қиындықтар пайда болмас үшін, дұрыс тамақтануға мән бергейсіз.

Жағымды күндер – 2 , 7, 9 , 13, 2, 30 

Жағымсыз күндер – 4, 5, 8, 12, 27, 28, 31

Шаян. Егер Шаяндар желтоқсан айының жарқын өзгерістер мен өнімді еңбек уақыты ретінде есте қалғанын қаласа, жалқаулықтан бойын аулақ салғаны абзал. Шұғыл араласуыңызды қажет ететін іс аз емес. Олардың барлығын «өте жақсы» атқарып шығыңыз қажет. Басшылық Шаяндардың өз міндетіне жауапкершілігін ескереді. Көптеген Шаян желтоқсан айында қызмет саласын өзгертуі де мүмкін. Бірақ сіз шығамашыл жан болсаңыз, өз ойыңыздан бас тарпаңыз. Бұл айда ақша жағынан қысылмайсыз. Ол қыдыруға, көңіл көтеруге, саяхаттауға да жетеді. Жұлдыздар желтоқсан айында көптен жоспарлаған саяхатқа шығатыныңыздан хабар береді. Айтпақшы, дәл барған жеріңізден өмірлік серігіңізді ұшырастыруыңыз ғажап емес.

Шаяндар ай бойы толығымен отбасының жанында бола алмайды. Бірақ жақындарына бөлер аздаған уақыт табылады. Даулы жағдайлардың алдын алу үшін, Шаяндарға қамқорлық, жұмсақтық пен мейірім керек. Жылдың соңғы айында отбасыңыз толыға түседі. Тағдырыңыздың түбегейлі өзгеруіне рухани және материалдық тұрғыдан дайын болғайсыз.

Бұл айда шаршағаныңызды анық сезесіз. Таңғалатын түгі жоқ, себебі істеген ісіңіз аз емес. Енді демалыс уақыты туды. Жұлдыздар бассейнде жүзуге, уқалау-сипалау процедурасын қабылдауға кеңес береді. Дәрумендер қабылдап, тұмаудың алдын алуға тырысыңыз. Иммунитетіңізді нығайту үшін теңізге барғаныңыз жөн.

Жағымды күндер – 6, 7, 9, 15, 20,26 

Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24, 31

Арыстан.  Желтоқсан айында Арыстандарға сезімін, қызбалықпен қабылданатын шешімдер мен толассыз қуатын бақылауда ұстау қиынға соғады. Осыған байланысты өміріңізде біраз қиындықтар кездеседі. Ойланбай қадам басып, маңдайыңызды тасқа соқпас үшін, ұстамдылыққа үйреніңіз. Тек қызметіңізде ғана емес, жеке өміріңізде де бәрін өз басшылығыңызға алуға тура келеді. Жұлдыздар Арыстандарға төзімділік танытып, өз дегенінен қайтпауға кеңес береді. Сонда ғана қаржы мәселесінде, жеке өміріңізде табысқа қол жеткізесіз. Қуантарлығы, бұл айда ақшадан таршылық көрмейсіз. Өткен уақытта атқарған шаруаларыңыз жемісін береді.

2016 жылдың желтоқсан айы – күтпеген жайларға толы уақыт. Егер алдыңғы айларда әлдеқандай істі аяқсыз қалдырсаңыз, осы айда қарымын өтеуіңізге тура келеді. Жеке өміріңізде де келеңсіз жайлар орын алады. Бірақ оның көбіне тәкаппар Арыстанның өз кінәсінен. Егер алдын алу шараларын ұмытпасаңыз, денсулығыңыз сыр бере қоймайды.

Желтоқсан айында көлік жүргізгенде асқан сақтық танытыңыз. Ал Арыстан жұлдыз белгісінде туылған әйелдердің дәрігерге қаралғаны жөн. Әсіресе, келер жылы сәби сүюді жоспарлаған болсаңыз. Жұлдыздар аурудың асқынуына жол бермей, ауырмаудың жолын іздеуге кеңес береді.

Жағымды күндер – 6, 7, 9, 11, 15, 22, 30 

Жағымсыз күндер – 4, 5, 9, 14, 15, 23, 24, 27

Бикеш. Бикеш – табиғатынан ұстамды жан. Сондықтан дау-дамайға жол беретін жағдайлар да сирек. Бірақ желтоқсан айында даулы жағдайлардың ортасында жүресіз. Ал қызметіңізге келсек, сіздің жаңалықтарыңыз басшылықты тәнті етпек. Ол үшін сыйақы алып, марапатқа ие боласыз.  Бұл айда мансабыңыздың өсуі екіталай, бірақ өзге мамандықты игере аласыз. Қаржы жағдайы біраз қиындық туғызғанымен, ай ортасында өз ретін табады. Бойындағы қырсықтығы мен келіссөздерді жүргізе білу қабілетінің арқасында Бикештер бизнес-жобалардан қомақты табыс табады.

Жұлдыздар жүйкеңізді жұқартатын жайлардан аулақ жүруге кеңес береді. Өз ойыңыздың дұрыстығын жалпыға бірдей дәлелдеуге тырысқаннаң орнына, ұстамды бола біліңіз. Ол тек қызметіңізге ғана емес, махаббат мәселесіне де қатысты. Бұл айда жаныңызға салмақ салатын оқиғалар қатары көбейеді. Егер өміріңіздің түбегейлі өзгеруіне дайын болсаңыз, өмірідің бұралаңдарын оңай еңсересіз. Ай соңы Бикештер үшін күтпеген тосынсыйларға толы. Мейрам қарсаңында барлық қиындықты өткенде қалдырып, болашаққа оптимистік көзқараспен қарайсыз.

Егер тамақтану тәртібін, ұйқы сапасы мен күнделікті жаттығуларды қадағалай білсе, Бикештер денсаулығы ғарышкер күйінен кем түспесі анық. Керісінше жағдайда көптеген дәрігердің есігін қағуыңыз мүмкін. Жұлдыздар зиянды әдеттермен күресуді кеңес етеді. Олардың қатарына ішімдік, шылым шегу мен артық тамақтану кіреді. Тұмауратып қалмас үшін, күнделікті сарымсақ, пияз және бал жеңіз.

Жағымды күндер – 3, 7, 9, 15, 17, 30 

Жағымсыз күндер – 4, 10, 12, 16, 18, 24

Таразы.  Желтоқсан айында Таразылар өмірге көзқарасына, ішкі әлеміне ерекше назар аударуы керек. Егер егер айналаңыздағыларыңызбен қарым-қатынаста адал, шыншыл болсаңыз, басыңыз дау-дамайға қалмайды. Көңілізіге күмән ұялататын адамдарды бақылауыңызда ұстаңыз. Олар сыртыңыздан қауесет таратады. Өтірік пен сатқындық та сізді айналып өтпейді. Бірақ ол үшін уайымдаудың қажеті жоқ. Абырой-беделіңізді жоғалтпас үшін өсек-өтірікке мән бермеуге, олар үшін дау туғызуға тырыспаңыз. сонымен қатар жұлдыздар жеке өміріңізде қателік жібермеуге кеңес береді. Керісінше жағдайда сүйіктіңіз сізден теріс айналып, қайырылмастан кетуі мүмкін. Әр сөзіңізді ой сарабына салып, әр қадамыңызды ойлап басқайсыз.

Таразылар тағдырында қиын сәтте қол ұшын созған жан маңызды орын алмақ. Егер достарыңыздың бірі алдайтын болса, оған қаталдық танытпаңыз. Бәлкім, қайбір кезде сіз де оны алдаған боларсыз. Ал қаржы мәселесіне келсек, бұл айда біраз қиындықтар туындайды. Қарыздарыңызды қайтарып, әр тиыныңызды үнемдеуге тура келеді. Денсаулығыңыз сыр бермес үшін, емдім ұстанып, спортпен шұғылданыңыз.

Желтоқсан айында денсаулығыңыздың мықты болуы қуантады. Ал көңіл-күйіңіз келе жатқан мейрам лебінен көтеріңкі болмақ. Бірақ созылмалы ауруларға мән беру керек. Әсіресе, олар жүрек – қан тамырлар жүйесіне қатысты болса. 2016 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз-жорамал дәрігерге қаралуға кеңес береді. Емдәмді бұзбауға, ағзаңызға күш түсірмеуге және тынығуға тырысыңыз.

Жағымды күндер – 3, 6, 9, 15, 20, 30 

Жағымсыз күндер – 8, 10, 12, 18, 21, 25

Сарышаян. Егер Сарышаяндар өткен айда бар күшін сала жұмыс істесе, желтоқсан айында жемісін көріп, мансабы жоғарылап, құрмет-беделге ие болады. Ол жайлы бұрыннан армандаған шығарсыз? Десе де босаңсып, жалқаулыққа бой алдырудың қажеті жоқ. Әйтпесе шаруаларыңыз аяқсыз қалып, қиындықтарыңыз шешімін таппай, қарызға белшеңізден батуыңыз мүмкін. Ал шектен тыс тәкаппарлық пен қырсықтық салдарынан көптеген қиындыққа ұшырайсыз. Желтоқсан айы – романтикалық кездесулер, игі істер мен іскерлік қарым-қатынс үшін тамаша уақыт.  Бұл айда Сарышаяндар отбасын құруғ а бел шешеді. Ойыңызды жиналқтап, алға нық  қадам басыңыз. Алыс сапарларға аттану, күтпеген жаңалықтар күтілуде.

2016 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз-жорамал материалдық ахуалыңыздың жақсы боларымен қуантады. Сыйлықтар мен ойын-сауыққа ақшаңыз жетері анық. Ал көлік, үй сатып алу сынды көп қаражат талап ететін дүниелерді кейінге қалдырғаныңыз жөн. Маңызды құжаттарға абай болыңыз. Алдағы мансабыңыздың қандай болары құжаттарға байланысты.

Желтоқсан айында Сарышаяндарға зиын әдеттерден бойын алуақ ұстау керек. Күйзеліске түспес үшін, жүйке жүйеңізді тоздыратын дүниелерден қашық болып, өмірге жақсы оймен, көзқараспен қараңыз. Бұл айда ұйқы, жұмыс, демалыс тәртібін бұзбауға тырысыңыз. Оған қоса көлік тізгіндеуден уақытша бас тартқаныңыз абзал. Желтоқсан айы жарақаттану қаупіне толы.

Жағымды күндер 3, 9, 15, 22, 26, 30 

Жағымсыз күндер – 4 , 10 , 12, 19, 28,31

Мерген.  Желтоқсан айында Мергендерге тынығып, көңіл көтеруге уақыт табылмайды. Ол үшін күйзеліске түсудің керегі жоқ. Желтоқсан айы сіз үшін «Еңбектен де жалқаулыққа жеңдірме» деген ұранмен өтеді. Есесіне келесі айда бойыңыз, ойыңыз жеңілдеп, қуаныш пен шаттыққа кенелесіз. Жұлдыздар бұл айда әр күніңіз жарқын сәттерге толып, өміріңізді өзгертетінінен хабар береді. Олардың көбі жеке өміріңізге қатысты. Ал қалғаны қызметіңіз бен кәсібіңізде орын алмақ.

Мергендерге жүрегіне, ішкі даусына құлақ асқан жөн. Желтоқсан айында олардың алдамасы анық. Өкінішке орай, кей Мергнедер сатқындық пен өтіріктің құрбаны болады. Әрине, мұндай жайтақ рухани тұрғыдан дайын болу мүмкін емес. Сондықтан Мергендер бастан өткерген сатқындық үшін уайымға салынып, күйзеліске түседі. Десе де өмірге күле қараңыз. Жолыңызда мұндай сынақтың кездесуі де бекерден емес. Олардан сабақ алып, әр істің қайыры барын білгейсіз. Ал қаржы мәселесін қозғасақ, жыл соңында табысқа кенелесіз. Өз бақытыңызды, ұтымды сәтті жіберіп алмаңыз.

Егер мергендер үнемі қиындықтары жөнінде ойға беріліп, тынығуды ұмтыса, жүйке жүйесі сыр береді. Санаңызды жаман ойлардан арылтуға күш салыңыз. Оның орнына алдағы мейрам жөнінде ойлаңыз.  Жұлдыздар иммунитетіңізді нығайтуға кеңес береді. Әйтпесе, тұмау мен жұқпалы аурулар ай бойы жұқтыруыңыз мүмкін. Жақсылап тамақтанып, спортпен айналысыңыз.

Жағымды күндер 4, 7, 15, 19, 23, 26 

Жағымсыз күндер – 1, 5, 12, 18, 24, 30

Тауешкі.  Береке-байлық, мол табыс пен махаббат туралы армандамайтын адам бар ма? Ал Тауешкілер жетоқсан айында аталғандарға бірден қол жеткізгісі келеді. Сіз қызметіңізде тамаша нәтижеге қол жеткізіп, ықпалды адамдардың назар аударысыз. Бірақ ол үшін ақыл мен біліктіліктен бөлек, аздаған қулықтың да керегін білгейсіз. Рухани үйлесімділікке қол жеткізу үшін, өзіңізді-өзіңіз қолға алып, шыңдауыңыз керек. Желтоқсан айында өміріңізді өзгертетін шешімдердің талайын қабылдауыңыз қажет болады. Кей жағдайлар сізді әрі-сәрі халге түсіргенімен, оны айналаңыздағыларға байқатпас үшін бойыңыздан күш табасыз. Егер сезімге  берілмей, болған оқиғаларды ой елегінен өткізіп, дұрыс-бұрысын ажырата білсеңіз, көптеген қиындықтарды оңай еңсересіз.

Тауешкілерге керек сәтті тәуекелге бел байлауды үйрену қажет. Желтоқсан айында қаржы жағдайы тұрақты болмақ. Әрине, Тауешкілерге азды қанағат тұтқысы келмейді. Бірақ қалтаңызды қалыңдатамын деп жүріп біраз жайсыздыққа тап болуыңыз мүмкін. Бұл айда сырт келбетіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн. Тауешкілер алыс сапарға аттанып, жақсы адамдармен танысады.

Жылдың соңғы айында Тауешкілер «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың» деген ақиқатты жадында ұстауы тиіс. Демек, көңіл-күйіңіз бен денсаулығыңызды жақсартуға абырыңызды салыңыз. Жүйке жүйеңізге түсер салмақ артады. Сондықтан жұлдыздар ұсақ-түйеі үшін уайымға салынбай, жиі тынығуды кеңес етеді. Таңертеңгі уақытта жүгіріп, тамақтану тәртібін сақтап, көп ұйықтағаныңыз абзал.

Жағымды күндер –7, 9, 15, 22, 26, 30

Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24, 28

Суқұйғыш. Суқұйғыштар жеке кеңстігіне қол сұққандардың бәріне ызаланып, араласудан қашқақтайтын болады. Желтоқсан айында еркіндікті бұрынғыдан артық бағалай бастайсыз. Әріптестеріңіз бен басшылық тарапынан сынға ұшырайсыз. Айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңызды ретке келтіру үшін ұстанымдарыңыздан аттауға тура келеді. Жеке кәсібі бар Суқұйғыштардың желтоқсан айында ісі өрге басып, табысқа кенеледі. Бар уақытыңызды жұмыс пен кәсібіңізге ғана арнамай, жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Шетелдік серіктестермен  іскерлік қатынас табысқа қол жеткізуіңізге мүмкіндік береді. Бастаған ісіңіздің барлығын аяғына дейін жеткізіп, мұнан соң ғана жаңа істерді қолға алыңыз.

Жұлдыздар желтоқсан айында отбасыңыз бен туыстарыңыздың ортасында жиі уақыт өткізуге кеңес береді. Олар сіздің қолдауыңыз бен кеңесіңізді қажетсінеді. Отбасында Суқұйғыштар өздерін қамқор да мейірімді жан ретінде көрсетеді. Өзіңізге өзгенің көзімен қарап, зиян әдеттер мен мінезіңіздің жағымсыз қырларынан арылуға тырысыңыз. Қаржы жағдайының тұрақтылығы тынығуға, саяхаттауға, үйіңізге үлкен жиһаздар алуға мүмкіндік береді.

Суқұйғыштарға темір тұлпар тізгінінде сақтық таныту керек. Желтоқсан айында аптты жағдайлар артады. Ішімдіктен мүлдем бас тартып, тамақтану тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Жұлдыздар сырт келбетіңізге көңіл бөлуге кеңес береді. Мейрам қарсаңында гардеробыңызды жаңартып, шаштарыз бен косметолог маманның көмегіне жүгініңіз. Сіздің жаңа стиліңіз елеусіз қалмайды.

Жағымды күндер 5, 9, 13, 22, 26, 27 

Жағымсыз күндер – 4, 10, 12, 19, 21, 25

Балықтар. Өзге жұлдыз белгілеріне ғана емес, балықтарға да желтоқсан айында бар көңілін жұмысқа бөлу қиынға соғады. Бірақ оларды атқармасаңыз, көп қызықтан, мүмкіндіктен құр қаласыз. Біріншіден, жеке кәсібіңіздегі өз ұстанымыңызды нығайта алмасыз. Екіншіден, өзіңіз қалаған табыстан құр алақан қаласыз. Үшіншіден, қызметіңізге деген қызығушылығыңыз жоғалады. Өмірдің қай саласында болмасын табысқа кенеліп, жағымды нәтижелерге қол жеткізу үшін, Балықтар ұсақ-түйектің өзін бей-жай қалдырмауы тиіс. Мейрам қарсаңында қиындықар жөнінде ойлағыңыз да келмейді. Десе олардың бірқатары жаныңызға батып, дегбіріңізді қашырады.

Жұлдыздар желтоқсан айында өмірлік серігіңізді жолықтыратыныңызды, ертегідегідей күй кешетініңізді айтады. Бірақ шешім қабылдауда асығыстық танытпаңыз. Бөтен адамдармен таныстық, қарым-қатынас барысында аса сақ болғаныңыз жөн. Жылдың соңғы айында Балықтар сатқындық пен алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін. Күмәнді іске ақашңызды араластырмаңыз.

Желтоқсан айына арналған жұлдыз-жорамал денсаулығыңыз жайлы ұмытпауыңызды ескертеді. Сырқаттанған жағадайда бірден дәрігерге қаралыңыз. Өзіңізді-өзіңіз емдеудің пайдасынан артынан туғызатын қиындықтары басым. Әсіресе, жүрегіңіз бен қан тамырлар жүйесіне ерекше көңіл бөліңіз. Желтоқсан айында иммундық жүйеңізді нығайтып, ұйқыға жатар алдында таза ауада демалыр, таңертең жаттығу жасау керек.

Жағымды күндер 6, 7, 15, 23, 26, 31 

Жағымсыз күндер – 5, 10, 12, 18, 21, 25

Талқылау