Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың тамыз айына арналған жұлдыз-жорамал

2016 жылдың тамыз айында рухани үйлесімділікке ғана емес, қаржы саласындағы үйлесімділікке де қол жеткізуге деген талпыныс пайда болады. Алға жылжып, жарқын болашаққа жету үшін екеуін де тепе-теңдікте ұстап, құстың қос қанатына балай біліңіз. Болашаққа жоспарлар құрып, өзіңізге сенімділікті жоғалтпаңыз.

9Pl1xj4Po1E2

Сонымен қатар жаздың соңғы айында махаббат мәселесіне айрықша көңіл бөлген абзал. Махаббатыңыз мәңгілікке ұлассын десеңіз, сезіміңіз бен көңіл-күйіңізді бақылауда ұстап, сүйіктіңізден көп нәрсе талап етпеуді үйренгейсіз.

Тоқты

Жаздың соңғы айы Тоқты жұлдыз белгісі өкілдері үшін сәтті болмақ. Ал қызметінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Десе де әр нәрсенің өз уақыты бар екенін естен шығармағаныңыз дұрыс.

Тамыз айының басы мен ортасында қызметіңізде тыныштық орнамақ. Сол себепті еңбекқорлардың өзіне аздап демалып алуға мүмкіндік туады. Оған қоса бұған дейін демалмасаңыз, бұл уақытты тәніңіз бен жаныңызды сергіту үшін таптырмас әрі соңғы мүмкіндік деп білгейсіз.

Тамыз айы аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін өмірлеріндегі махаббат пен сезімге толы ай болмақ. Жаңа дос тауып не өмірлік серігіңізді табу ғана емес, бұл айда өткеніңізде қол бұлғап қалған қарым-қатынастың жандануы да мүмкін. Десе де жаңа таныстық ғұмырлы бола қоймайды. Ал ата-аналар балаларымен уақыт өткізіп, олардың жақсы мінез-құлқын байқайды. Ғашықтарға келер болсақ, олардың өмірінде құдды екінші бал айы басталғандай. Себебі олардың арасындағы қарым-қатынас сенім мен түсіністік деп аталатын жаңа деңгейге көтеріледі.

 

Торпақ

Тамыз айында Торпақтар үшін ең басты құндылық отбасы мен жақындары болады. Дәл осы адамдардың көмегімен торпақ белгісінің өкілдері тау қопарарлық күш-қуат жияды.

Тамыз айының соңына дейін кәсіпкер және еңбекқор Торпақтардың жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерге бас қатыруына тура келеді. Осы уақытта көп уақыт пен күшіңізді талап еткен іс-щаралар да өз межесіне жетіп, жемісін бермек. Ал тамыз айындағы серіктестеріңізбен қарым-қатынасыңызды мінсіз деп айтуға келмес.

Көп жағдайда Торпақтар үшін ең маңызды мәселелер отбасы төңірегінде болады. Бұл ай көшу, жаңа үйге қоныстану үшін ыңғайлы. Тіпті, басқа қалаға не мемлекетке қоныс аударуыңыз да ғажап емес.

 

Егіздер 

Егіздер жұлдыз белгісін жаз мезгілінің соңғы айына арналған жұлдыз-жорамал жағымды жаңалықтарымен қуантпақ. Осы уақытта Егіздер әр істі атқаруда бұрынғыдан да артығырақ күш салса, жемісі де үлкен әрі тәттірек болады.

Басқа қалада не мемлекетте қызмет атқаруға бел шешкен Егіздерді жарқын болашақ пен табыс күтуде. Тамыз айында барлық мансапқұмар, кәсіпкер, қызметкер Егіздердің серіктестері мен әріптестеріне өз қабілетін дәлелдеп, сенімдеріне ие болу мүмкіндігі туады. Сондықтан қызметіңізде жаңа ұсыныстар да пайда болуы мүмкін. Жұлдыздар одан бас тартпауға кеңес береді. Шешілуі ұзаққа созылған мәселелер мен істеріңіздің шешімі әлі де кідіруі мүмкін. Десе де алаңдаудың қажеті жоқ, олардың өз межесіне жетер күні де алыс емес.

Ал махаббат мәселесіне тамыз айы көптеген өзгерістер енгізбек. Өзге қалаға не мемлекетке қоныс аударуыңыз әбден мүмкін. Бұл ретте басқа мекенге қоныс тебудің қызмет бабына ғана емес, жүрек қалауына құлақ асып, сүйіктіңізбен қол ұстасуыңызға байланысты боларын айта кеткеніміз жөн.

 

Шаян

2016 жылдың жазының соңғы айы Шаян жұлдыз белгісі үшін барлық жоспарлары мен мақсаттарын іске асыру үшін ең қолайлы әрі мінсіз уақыт болмақ. Жұлдыздар өміріңіздің әр саласында қолдау білдіретіндіктен, тайсақтап, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ. Әр іске асқан сенімділікпен кіріскеніңіз жөн.

Бар адам демалып жатқан уақытта Шаяндардың бір сәтке болсын дамыл табуға мұршасы болмайды. Оның нәтижесі мен балдай жемісі де ұзақ күттірмейді. Дәл осы айда қосымша табыс көзін табу мүмкіндігі де зор. Оған қоса маңызды жобалар мен шараларға қатысып, табысқа қол жеткізе аласыз. Бұл айда қызметіңізде жарқын болашаққа жол ашатын жаңа ұсыныстар жасалады. Десе де әр істің жіті бақылау мен жетілдіруді қажет ететінін жадыңыздан шығармағаныңыз абзал.

Табыс табуда айы оңынан туған жанның махаббатта да бағы жанары анық. Бұл пікір дәл Шаян белгіне арнап айтылғандай. Ал отбасы мен жақындарыңызбен қарым-қатынаста айтарлықтай қиындықтар туындап, көптен күткен түсіністік пен татулықтың рахатын сезіне алмауыңыз мүмкін. Оны қызметіңіздегі зор табысыңыздың өтемі деуге де болады. Кей Шаяндардың мұндай қиындықтан үлкен соққы алуы да ғажап емес. Себебі жұбайлардың арасындағы түсіністіктің күрт жоғалып, қарым-қатынастың шиеленісуі қош айтысуға алып келеді.

 

Арыстан

Арыстандар үшін тамыз айы – өмірдің әр саласында табысқа қол жеткізу үшін тамаша ай. Қазір олардың тәні күш-қуатқа, санасы тапқырлыққа толы. Сондықтан Арыстандар жолында кездескен қиындықтың барлығын оңай еңсереді.

Бұл ай – кәсіпкерлікпен айналысатын Арыстандар үшін ең маңызды әрі сәттілікке толы уақыт. Олардың алдында кемелдену мен жетістікке жету үшін үлкен мүмкіндіктер ашылмақ. Аталған жұлдыз белгісі өкілдері мағынасыз дау-дамайға бас қатырмай, кез-келген жобаны іске асыруға батыл кіріскені дұрыс.

Жаздың соңғы айы – қызметте де, махаббатта да бәрі мінсіз болатын сирек уақыт. Бұл кезең – сүйіктіңізбен араңызды жарастырып, сезімдеріңізді арттыра түсуге де өте қолайлы. Мұнымен қатар кей Арыстандар ата-анасымен қарым-қатынасын ретке келтіріп, олардың қысымынан арыла алады. Ал ғашықтарға тамыз айы үлкен өзгерістер ала келеді. Олар өмірлік маңызды шешім қабылдап, мәңгілікке қол ұстасады.

 

Бикеш

Тамызда Бикештердің көптің көзіне түспей, тыныштықта демалғаны дұрыс. Көп жағдай олардың қатысуынысыз-ақ өз шешімін табады. Сол себепті айналаңыздағылардың кеңесіне құлақ асып, біраз тыныққаныңыз жөн.

Тамыз – мансапқұмар Бикештер үшін ең маңызды кезең. Ол сәттілік ғаламшары болып саналатын Есекқырғанның дәл осы жұлдыз белгісіне ауысуымен байланысты. Ғаламшар Бикеш жұлдыз белгісінде жыл соңына дейін тұрақтамақ. Алайда сәттіліктің бал дәмін тату үшін дәл тамыз айында іске кіріскеніңіз ләзім. Сонда Бикештердің көптеген істе айы оңынан туып, жұлдызы жарқырай түседі. Оған қоса дәл осы уақытта бірқатар арман-тілектері орындалып, жоспарлары жүзеге асады.

Бұл айда Бикештердің отбасына береке мен тыныштық орнайды. Олар алдарында кездескен қиындықтарда жақындарының көмегіне сенім арта алады. Бұған дейін балаларыңызбен араңыздағы қарым-қатынаста қиындықтар болса, тамыз айында олар реттеліп, қуанышқа бөленесіз.

 

Таразы

Үстіміздегі жылдың тамыз айы – Таразы жұлдыз белгісі өкілдері үшін барлық мақсаты мен жоспарының орындалуына қолайлы уақыт. Тіпті олар ақылға қонымсыз болса да. Алдағы күндері таразыларды күтпеген сыйлықтар мен тосына жайттар күтуде.

Тамызда Таразылар достарынан ғана емес, ықпалды адамдар тарапынан да үлкен қаржылай көмекке иеленеді. Олардың көмегінің нәтижесінде өмірінде жаңа кезең басталып, көп күттірмей-ақ жемісін береді. Кәсіпкерлер мен басшылар кәсібін кеңейтіп, ісін дөңгелетуде батыл қадам жасай алады.

Тамыз айында Тарзылар жұмысқа белшесінен батып, қызметінде біраз бас қатыруына тура келеді. Сондықтан бұл уақытта махаббат пен сезімге ерік беруге уақыт та тапшы. Осының салдарынан жеке бас мәселесінде айтарлықтай өзгерістер орын ала қоймайды. Десе де жаздың соңғы айында жаңа таныстар пайда болып, достарыңыздың қатары тола түседі.

 

Сарышаян

Ғаламшарлардың ойға алғаныңыздың бәрі орындалатындай орналасуы – тек 12 жылда бір рет орын алатын кезең. Аталған кезең әр жұлдыз белгісінде бар. 2016 жылдың тамыз айы Сарышаяндар үшін басына бақ орнаған сәтті уақыт болмақ.

Тамыз – Саряшаяндар үшін сәтті ай. Бұрыннан ойында жүрген үлкен жоспарлар мен жобаларды қолға алып, жүзеге асыру үшін таптырмас уақыт туды. Кәсіпкер Саряшаяндарға тиімді әрі табысты ұсыныстар ұсынылса, қызметкерлердің жұмысында беделі артып, мансабы жоғарылайды. Оған қоса жақсы әрі жалақысы жоғары жұмыс табылуы да мүмкін. Жұлыздар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес береді.

Тамызда Сарышаяндарды қызметінде көптеген табыс пен жағымды өзгерістер күтуде. Дәл осы себепті жеке бас мәселесіне көңіл бөлуге уақыт табылмайды. Салдарынан аталған жұлдыз белгісі өкілдері жабығып, көңіл-күйі құлазуы мүмкін. Дегенмен бойдақ Сарышаяндардың жаздың соңы айында мәңгілік махаббатын жолықтыруға мүмкіндігі бар. Ол әріптестеріңіз не басшылардың біреуі болуы да ғажап емес.

 

Мерген

Мерген жұлдыз белгісі өкілдері үшін жаздың соңғы айы – қызыққа толы уақыт. Олардың көкейіне түрлі қызықты ой келіп, жүзеге асыруын талап етеді. Қолға алынған күнде, нәтижесі көп күттірмей, жемісінің де шырында болары анық.

Ал Мергендердің жеке кәсібінде басқа қала не мемлекеттердегі серіктестерімен байланысты үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады. Бұл уақытта қызмет бабымен сапарға аттануыңыз да мүмкін. Тамыз – қызмет саласын ауыстыруға немесе ықпалды тұлғалармен серіктестік жасасуға қолайлы. Кәсіпкер Мергендердің жаңа келісімшартқа отыруда, оны талқылауда батыл қадам жасауына болады. Олар болашақта үлкен табыс әкеледі.

Тек қызмет саласында ғана емес, махаббат мәселесінде де жұлдызыңыз жарқырайды. Ғашықтар араларындағы сыйластық пен түсіністіктің артқанын түсініп, қарым-қатынастары жаңа деңгейге көшеді. Жаздың соңғы айында басқа қалаға, елге көшу мүмкіндігі де жоғары. Ал өз жерінде қалған мергендер шетелдіктермен танысып, олардың арасынан жүрек қалауын табуы ықтимал. Отбасылы мергендер тамыз айында балаларының табысы, ата-анаға деген қарым-қатынасына айрықша қуанады.

 

Тауешкі

Жұлдыздар Тауешкілерге тамыз айында ойға алған мақсаттары мен оған жету жолдары турасында қайта ойланып, жаңаша көз тастауға кеңес береді. Ал қызметіңіз бен айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңызда қиындықтар туындаса, тыныштықта дамыл тауып, өзіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн.

Тамыз айы – Тауешкілердің кезекті демалыс алып, бой сергітіп, ойын тынықтыру, отбасы мен тұрмыстағы шаруларын ретке келтіруге қолайлы уақыт. Егер ондай мүмкіндіктің сәті түспесе, қызметіңіз, ойыңызда жүрген мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз жөнінде ой жүгірткеніңіз дұрыс.

Отбасылық өмір Тауешкілердің жоспарларына сай өрбімек. Бұл айдың соңында жаңа пәтерге көшіп, қоныс тойын тойлауыңыз мүмкін. Көптеген отбасылы Тауешкі басқа үй не пәтерге көшуді ғана емес, өзге қалаға, мемлекетке қоныс аударуды ойға алады.

 

Суқұйғыш

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Суқұйғыштардың өмірінде тыныштық орнай қоймайды. Ол өз қызығушылықтарын қорғауға байланысты. Себебі тек қызметінде ғана емес, өмірде де бақталастарымен айқасуға тура келеді.

Тамызда Суқұйғыштар түрлі адамдардың ортасына тап болады. Олардың сізге деген қарым-қатынасы да бірдей сипатта болмасына шүбә келтірмеңіз. Кейбірі қол ұшын созуға даяр болса, кей адамдар жолыңызды кес-кестеп, ор қазуы мүмкін. Десе де олармен қарым-қатынаста әдептіліктен аспағаныңыз абзал. Керісінше жағдайда дұшпандарыңыздың қатары жаңа адамдармен толығуы ғажап емес. Ол сіздің қолыңыздан келеріне сеніңіз. Нәтижесінде, күз мезгілі тыныш әрі жайлы басталмақ.

Жаздың соңғы айы – жеке бас мәселесіне өзгерістер енгізуге қолайлы. Бұл, әсіресе, ұзақ уақыт бойы махаббат басын біріктірген адамдарға қатысты. Тамыз айы – олардың болашақтарының бір болар-болмасы жайлы нақты шешім қабылдайтын уақыт. Мәселенің шешімі ай соңында белгілі болмақ. Ол некеге, бірге тұруға шешім қабылдауға, тіпті, жүктілікке байланысты болуы мүмкін. Жалпы айтқанда, тамыз айында Суқұйғыштар сүйіктісімен арасындағы үлкен махаббат және сыйластықпен мақатана алады.

 

Балықтар

Тамыз айы Балықтардан көп күш-қуатты талап етеді. Бұл уақытта олардың бойында таситын күш-жігердің пәрмені сонша, соңынан ілесу де оңайға соқпайды. Сондықтан жұлдыздар аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне соңынан ілесе алмағандарға түсіністікпен қарауға кеңес береді.

Кәсіпкерлік саласына келсек, тамыз айы Балықтар үшін қолайлы әрі тиімді кезеңнің нәтижесін көретін уақыт болмақ. Бұл ретте өзіңізді мақтап қоюды да естен шығармаңыз. Себебі атқарған еңбегіңіз аз емес. Ендігі жаңа белестерді бағындыру үшін серіктестер іздеуді қолға алғаныңыз жөн. Десе де оған күз мезгілінен бастап жіті мән бергеніңіз дұрыс болмақ. Әзірге ұсынылған үлкен жұмыстардан бас тартпаңыз. Олардың себебінен қалтаңыз айтарлықтай қалыңдай түспек.

Тамызда Балықтар тек қызметіне айрықша көңіл бөліп, махаббат турасында бас қатырып, сезімге берілуді уақытша ұмытады. Алайда кей Балықтар әріптестерінің бірімен көңіл жарастыруы мүмкін және қатынастары да ғұмырлы болады. Ал айдың екінші жартысында отбасыңызға көңіл бөлуге тура келеді. Бұл уақытта аталған жұлдыз белгісі өкілдері өмірлік серігін тауып, отбасылы Балықтардың сезімдері нығайып, махаббаттары арта түседі.

 

Талқылау