Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың шілде айына арналған жұлдыз-жорамал

Барлық жұлдыз белгісі үшін 2016 жылдың шілде айына арналған жұлдыз-жорамалды ұсынамыз. Жұлдыздар жаздың екінші айы жайлы не айтар екен?

goroskop_2_0

Тоқты. Тоқты белгісінің өкілдеріүшін маусым айы – демалып, туыстарына уақыт бөлуге қолайлы уақыт. Бұл айда қалтаңыз толып, табысқа кенеле қоймайсыз. Алайда шығатын шығын да аз. Ай басында жақындарыңыз бен туыстарыңыздың тарапынан сыйлықтар күтуіңізге болады.
Жеке өміріңізге келер болсақ, тоқтылар осы уақытта шаңырақ көтеру керектігін жанық түсінеді. Ал жұлдыздар бұл ойыңыз бен ниетіңіздің орындалуына көмектесіп, өмірлік серігіңізді жолықтырасыз.

Торпақ. 2016 жылдың шілде айы торпақтарға ерешке әсер, тосын сыйлар дайындайды. Бұл айда қаржы мәселесінде бәрі де тұрақты болады. Тұрақты табысыңыздан бөлек, жылжымайтын мүлікпен байланысты қосымша табыс күтілуде.
Шілде айында торпақтардың жеке өмірінде үлкен өзгерістер орын алады. Егер бұған дейін басқа үйге, қалаға не мемлекетке көшуді жоспарлаған болсаңыз, ойыңызды дәл осы айда жүзеге асырғаныңыз жөн. Бұл ретте туған-туыстарыңыз бен достарыңыз жүгіңізді жұмыла көтерісіп, көшуге байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

Егіздер. Жұлдыздардың айтуы бойынша шілде айында көптеген егіздер өмірін түпкілікті өзгертуге бел шеше кіріседі. Олардың оң өзгеріс болатыны анық. Алайда қаржы мәселесінде біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі бұл айда қосымша табыс түспейді әрі шығын да көп болады. Сондықтан жұлдыздар егіздер белгісінің өкілдеріне ақшаны үнемдеуге кеңес береді.
Жаздың екінші айында егіздер отбасында береке-бірлік орнайды. Отбасылы егіздер көшу мәлесесін ойластыруы мүмкін. Және бұл мәселе жұбайларды бір-біріне жақындата түседі.
Ал жалғызбасты егіздер шілде айында жүрек қалауын жолықтырып, мәңгілікке қол ұстасады.

Шаян. Шілде айында шаян белгісінің өкілдері барлық салада жаңа белестерді бағындыруға дайын болады. Сондықтан оларға күш жинап, өзіне сенімді бола білу қажет. Діттеген ойыңызды жүзеге асыруда табандылық танытқаныңыз жөн.
Бұл айда тұрақты түрде табыс тауып, оның мөлшері де ұлғаймақ. Ал адамдармен қарым-қатынасыңызда қиындықтар туындайды. Шаяндардың дөрекілігі мен ашушаңдығы себепті жиі ұрыс-керіс болуы мүмкін. Ол өз кезегінде шаңырағыңыздың шайқалуына алып келуі ғажап емес. Сондықтан бәрін ақылмен шешіп, уақыттың бәрін өз орнына келтіргенін күткеніңіз абзал.

Арыстан. 2016 жылдың шілде айында Арыстан белгісінде дүниеге келгендер тыныштықты, бірқалыпты өмірді қалайды. Осы себепті жұлдыздар дәл қазір қолыңызда барды бағалап, одан ләззат ала білуге кеңес береді.
Бұл ай жағымды жаңалықтарға толы болады. Алайда қаржы мәселесінде біраз қиындықтар күтіледі. Отбасыңызға, жеке өміріңізге байланысты біраз шығындаласыз.
Жұлдыздар жаздың екінші айында жеке өміріңізде түбегейлі өзгерістер болмайтынын айтады. Оған қоса отбасы мүшелеріңіз, туыстарыңыз ерекше қамқорлығыңызды талап етеді.

Бикеш. Бикештер үшін шілде айы бас қатырарлық мәселелерге толы болып, біраз шығындалуын талап етеді. Бұл айда ақшаға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Жүрегіңізге жақын адамдар үшін қалтаңыз жұқарады.
Ал бұл жұлдзы белгісінде туған адамдардың жеке өмірінде түсініспеушілік орын алады. Ғашықтардың арасында аяқ асты ұрыс-керіс болып, бір-біріне деген реніштері ұзаққа созылу мүмкін. Бұл ретте барлығын осы қалыпта қалдыратыныңызды не махаббатыңыз үшін күресетініңізді сана сарабынан өткізе отырып, мәселені ешкімнің араласуынсыз өзіңіз шешіп алғаныңыз жөн.

Таразы. Жаздың екінші айы таразы белгісі үшін түрлі қызықтар мен тәуекел етуіңізді талап ететін істерге толы болмақ. Сондықтан «Аз сөйлеп, көп іс тындыр» ұстанымымен нық қадам басудан қорықпаңыз.
Бұл айда таразылар табысқа кенеліп, ол күн санап ұлғая бермек. Ал қарым-қатынас мәселесіне келсек, жұлдыздар бойыңыздағы қаталдықты жұмыста қалдырып, сүйікті адамдарыңызға махаббат шуағын төгуге кеңес береді. Отбасылы таразылар тұрмыстық мәселер мен балаларға байлнаныста ұрыс-керісті бастан өткеруге дайын болуы тиіс.

Сарышаян. Сарышаян белгісі үшін шілде айы жарқын әрі көңілді болады. Бұл уақытта алар белестеріңіз де мол әрі сәттіліктесіздің жағыңызда.
Жұлдыздар шілде айында сарышаяндардың қалтасы қалыңдайтынын уәде етеді. Сондықтан бұл уақытта ақшаға байланысты ешқандай қиындық
Жаздың екінші айында сарышаяндардың қызметіндегі шаруасы бастан асып, отбасына, жақындарына көңіл бөле алмауы мүмкін. Дегенмен уақытыңызды үнемді пайдалануға тырыссаңыз, сүйіктіңізбен бірге болуға уақыт таба аласыз.

Мерген. Шілде айы – мергендер үшін демалуға, саяхаттауға қолайлы. Сол себепті кезекті демалыс алып, қолыңызды жұмыстан босатып, бой сергітуге көңіл бөлгеніңіз абзал. Тек отбасы ғана емес, жеке кәсібіңіз де қаражат жұмсауыңызды талап етіп, бұл айжа қалтаңыздан біраз шығын шығады.
Биылғы жылдың шілде айы жеке өміріңіздің барлық қырына өзгеріс сыйлайды. Ғашықтардың арасында кикілжің туып, сынақтарды бастан кешеді. Бұл ретте сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз, болашақтарыңыз жайлы ойланып, мәселенің нүктесін қоюды ойға алғаныңыз жөн. Ал отбасылы мергендер балаларына байланысты мәселелерді шешіп, оған бар күші мен махаббатын ғана емес, қаражатын да аяп қалмауға тура келеді.

Тауешкі. Шілде айында тауешкілер сын астында қалып, елдің сөзіне ұшырайды. Сондықтан өз ұстанымыңыздан, алған бетіңізден таймай, батыл шешім қабылдай біліңіз.
Қаржы мәселесінде де барлығы жағымды болмайды. Кәсіпкер мергендер әріптестерінің талаптары, қызметтегі шалағайлықтарға байланысты шығынға ұшыраса, жеке кәсіпке қатысы жоқ мергендер отбасындағы қиындықтарды шешу үшін біраз қаражат жұмсайды.
Отбасындағы қарым-қатынас та түсініспеушіліктер орын алып, ұсақ-түйек ұрыстар болмақ. Жұбайлар татуласқан күнде де, ол ұзаққа созылмайды. Сондықтан жұлдыздар ашуға беріліп, дөрекілік көрсетпеуге кеңес береді. Барлығына сабырлылық танытып, ақылмен шеше білсеңіз, жанұяңызда береке орнап, бақытыңыз баянды болмақ.

Суқұйғыш. Көбіміз жаз мезгілін жұмыс істеуге емес, демалуға арналған уақыт деп білгенімізбен, суқұйғыштарға бұл уақытта аянбай тер төгуге тура келеді. Қызметкер суқұйғыштардың басшылықпен қарым-қатынасында салқындық орнауы мүмкін. Сондықтан басы артық өтініштерден аулақ болғайсыз.
Шілде айында суқұйғыштардың махаббаты артып, сезім ләззатына батқысы келгенімен, жұмысындағы қауырт шаруалардың көптігінен сүйіктісімен біре уақыт өткізуге уақыт таба бермеуі мүмкін. Алайда оларға деген қалтқысыз сезімге ие сүйіктілері барлығына түсіністік танытып, төзіммен көтере біледі. Сондықтан жеке өміріңізде қиындықтар орын алмайды.

Балықтар. Балықтар белгісінің өкілдеріне жаз бойы туыстары мен жақындарына қамқорлық танытуға тура келеді. Бұл олардың басты мәселесіне айналады.
Қаржы мәселесі де тұрақтылығымен ерекшеленбейді. Қалтаңыз қаншалықты табыс түссе, шығатын шығын да соншалық көп болмақ. Жеке өміріңіз біраз ақша жұмсауыңызды талап етеді. Алайда ақшаны көзсіз жұмсаудың қажеті жоқ.
Шілде айында балықтар сезімтал бола түсіп, көңіл-күйінде ауытқулар болып тұрады. Ол үлкен кикілжіңге, тіпті, ажырсауға да алып келуі мүмкін. Ал оның уақытша не мәңгілік боларын тек уақыт көрсетеді.
Оған қоса жұлдыздар бұрынғы қатынастардың қалпына келетінін уәде етеді. Ол достыққа не махаббатқа қатысты болуы мүмкін.

Талқылау