Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал

1-20 мамыр аралығында Күн Торпақ белігісінен орын алады. Бұл уақытта ақша, бұйымдар, қолөнер, ұсталық, бау-бақша өсірумен байланысты істердің барлығы жемісті болмақ. Аяғын аңдап басып, үнемдей білетін байсалды адамдардың айы оңынан туып, маңызды дүниелерді бірінші болып байқап, дұрыс шешім қабылдайды.

horoskop-na aprel_0

Сурет: rusmonaco.fr

20-31 мамыр аралығында Күн Егіздер белгісі бойынша жылжиды. Мамырдың бұл онкүндігіндегі көп жағдай жылдам әрі түбегейлі өзгереді. Қарым-қатынасқа жеңіл түсіп, әрдайым алға ұмтылатын ширақ адамдар үшін аталған уақыт аралығы табысты болмақ.

ТОҚТЫ: Бұл айда өзіңізді әдеттегіден өзгеше сезінесіз. Әлденемен айналысып, жаңадан іс бастап, қол жеткізіп, әйтеуір, бойыңызда тасыған қуатты шығармаққа күш саласыз. Бұл ретте спортпен шұғылданғаныңыз дұрыс. Оған қоса, бау-бақша шаруашылығына ден қойып, қуатыңызды тиімді арнаға жұмсай аласыз. Тиімді істі қолға алу арқылы қалтаңызды қалыңдату үшін айдың әр күні тамаша мүмкіндіктер сыйлайды.  Мамырдың соңғы онкүндігінде айналаңыздағылармен әңгімеңіз жарасып, түрлі адамдармен жолығып, үйде сирек боласыз.

ТОРПАҚ: Күн мен жебеуші ғаламшарыңыз Шолпан сіздің белгіңізден орын алғандықтан, айдың алғашқы және екінші онкүндігінде бойыңыз күш-қуатқа толысып, мінезіңіз бен дарыныңыздың жаңа қырлары танылып, өзіңізге сенімді бола түсесіз. Қоғамда, үйде, достарыңыздың арасында да айрықша орынға иеленесіз. Айналаңыздағылардың сізге берер бағасы жоғары. Бұл уақытта кемшіл тұсыңыз тек шешендігіңізден көрінуі мүмкін. Сондықтан көпшілік алдында сөз сөйлеуіңіз керек болса, бұл шаруаны айдың аяғына ысырғаныңыз жөн. Айдың соңғы онкүндігі табысқа жетуге сәтті уақыт болғандықтан, іскерлігіңіз бен ойыңыздың ұшқырлығын қолдана білсеңіз, олжалы болып, қалтаңыз қалыңдайды.

ЕГІЗДЕР: 24 мамырға дейін көңіл-күйіңіз нашар болмақ. Оған себеп аяғыңызды аттап бассаңыз болғаны, өзгелердің ақылсыздығы мен қателігіне, дөрекілігіне ұшырасасыз. Өзіңіз ұнататын дүниенің барлығы сізден алыстай түседі. Күткен хаттарыңыз келмей, сапарыңыз кейінге қалдырылып, тіпті, сізге қажет көлік те тоқтап қалады. Жұлдыздар болған жайдың барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамауға кеңес береді. Бұл уақытта табиғат аясында немесе шипажайда демалғаныңыз дұрыс. Оған мүмкіндігіңіз болмаса, айдың бірінші, екінші онкүндігін үй шаруасына арнаңыз. Ал айдың аяғында өміріңіз айтарлықтай өзгеріп, кемелденуге, белсенді өмір сүруге ынтаңыз оянады. Қолға алған ісіңіздің бәрі жемісін беріп, табысқа кенелесіз.

ШАЯН: Айдың бірінші, екінші онкүндігінде достарыңызбен тығыз қарым-қатынаста боласыз. Барлығыңыз бір шаруаны қолға алып, түрлі іс-шараларға қатысып, уақыттарыңыз көңілді әрі тиімді өтеді. Оған қоса әлеуметтік желілерде де достарыңыз арта түседі. Егер ғаламтор арқылы шын дос тапқыңыз келсе, таныстықты 6 мамырдан бастаңыз. Мамырдың соңғы онкүндігінде қарым-қатынасқа шектеу қойып, жалғыз қалуды қалайсыз. Осыны пайдаланып, тыныштықта жұмысқа ден қойып, шипажайда демалғаныңыз жөн.

АРЫСТАН: Бұл айдың сізге сыйлар тамаша мүмкіндіктерін санап болғысыз. Айдың алғашқы және екінші онкүндігінде маңызды шаруларар мен қарым-қатынастан қолыңыз босамайды. Әлеуметтік
өсуіңізге күш салғаныңыз дұрыс. Ондай мүмкіндік те пайда болады: біреулер маңызды іс-шараларға қатысып, кейбіреулер байқауда жеңіске қол жеткізеді. Ал кейбір арыстандар некелесу арқылы ықпалды адамдармен туыстасады. Арыстандар үшін айдың бар күні сәтті болғанымен, 2-3 мамыр тосын сыйға толы. Айдың аяғында достарыңызға көңіл бөліп, уақытыңыз жақсы өтеді. Қызығушылықтарыңыз ортақ жаңа достар табасыз.

БИКЕШ: Бикештер үшін мамыр айының маңыздылығы жоғары. Айдың алғашқы жартысында күш жинап, шығармашылық әлемнен рахат тапсаңыз, айдың екінші жартысында өзіңізді жаңа қырыңыздан көрсете аласыз. Соңғы уақыттарда айналысқан шаруаларыңыз нәтижелі болып, қоғамда беделіңіз артып, айналаңыздағылар арасында бағаңыз артады. Бұған дейін сәтсіздікке ұшырап, сағы сынған биештерге мамырдың ортасынан бастап тамаша мүмкіндіктер есігі ашылады. Өмір сабағының нәтижесінде көрген-түйгеніңіз мол болып, одан қорытынды шығарып, бағытыңызды айқындай алсаңыз, алыста қалған армандарыңыз орындалып, мақсатыңызға жетесіз. Ең бастысы, өзіңізге сеніңіз. Сіздің қолыңыздан бәрі де келеді!

ТАРАЗЫ: Таразылар айдың бірінші, екінші онкүндігінде өмірін өзгертуге талпынады. Бұл уақыт – өзгеріс үшін өте қолайлы. Мүмкіндігіңізді жібермей, өміріңіздегі ұнатпайытын дүниенің барлығын өзгерткеніңіз дұрыс. Оған сіздің күшіңіз бен икемділігіңіз жетеді және жағдайдың барлығы сіздің пайдаңызға қарай ойысады. Психологиялық тұрғыда, аталған уақыт аралығы – өзіңізді танып, жан-дүниеңізде болып жатқан қиындықтардан арылуыңызға да қолайлы. Айдың соңғы онкүндігінде саяхаттуға құштарлығыңыз артады. Одан бас тартпағаныңыз абзал. Сонымен қатар, алыстағы тусытарыңызбен қарым-қатынасыңыз жанданып, ұзақ уақыт бойы көріспеген жандарыңызбен қауышасыз. Ал мамырдың 1, 6, 9-10, 13, 15, 26 және 31 күндері сіздер үшін ең жақсы әрі сәтті болады.

САРЫШАЯН: Айдың алғашқы және екінші онкүндігінде сарышаяндардың іскерлік пен серіктестіктен қолы босамайды. Көп жағдайда әр ісіңіз серіктесіңізге, клиенттеріңізге, әйеліңіз не күйеуіңізге байланысты. Сондықтан бірқатар жоспарыңызды сол адамдардың ыңғайына қарай жасауыңызға тура келеді. Бұл уақытта қиялыңыздағы сүйіктіңізбен қауышып, отбасын құрып, кәсібіңізде жетістікке жетіп, жаңа серіктестер табасыз. Шғармашылыққа ден қойған сарышаяндардың танымалдығы артып, өз оқырманымен табады. 27 мамырдан бастап денсаулығыңызға қауіп төніп, жарақаттануыңыз мүмкін. Жолда, сапарда, жұмысыңызда сақтық танытып, абай болыңыз.

МЕРГЕН: Мергендердің мамыр айында жігері тасып, тау қопарарлық күшке ие болады. Алайда әлдкімдердің белсенділігіңізге кедергі келтіретінін немесе өзіңізді айналаңыздағыларға керексіз сезініп, соның салдарынан алдыңызға тосқауыл қоясыз. Алайда мұндай сезімге мән бермей, маңыздылығыңызды біліп, алға қадам басқаныңыз жөн. Мамыр – ішкі әлеміңіздің астан-кестеңін шығарған қиындықтардан арылу үшін тамаша ай. Сондықтан өзіңізбен-өзіңіз болып, бойыңыздағы кемшіл тұстарды жөндеуге тырысқаныңыз да өз нәтижесін береді. Ал бір істі бастауды ойға алған мергендердің жеті рет өлшеп, бір рет кескені жөн. Жоспарыңызда қайта қарау да артық етпейді.

ТАУЕШКІ: Бұл айда бойыңызда өзіңізді де, өзгелерді де өзгерте алатын күш-қуат арта түседі. Сондықтан мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Бұл тұста өзіңізді өзгерту арқылы әлемді өзгертуге болатынын естен шығармағайсыз. Өміріңізде аяғыңыздан тартып, алға жылжуыңызға кедергі болатын нашар мінезден, әдет-құлықтан арылып, жаңа өмір бастауға талпыну арқылы жаныңыз ләззат тауып, айналаңыздағыларды да қуантасыз. Айдың алғашқы және екінші онкүндігінде уақытыңыздың басым бөлігін көңіл көтеруге, саяхаттауға, шығармашылыққа, сүйікті ісіңіз бен жеке өміріңізге бөлгеніңіз жөн. Ал айдың аяғында тынығып, денсаулығыңызға мән беріңіз.

СУҚҰЙҒЫШ: Суқұйғыштар үшін мамырдың бірінші, екінші онкүндігінде үй шаруасы мен отбасындағы қарым-қатынас жемісті болмақ. Бұл уақыт – үйіңізді жөндеу, қоныс тойын тойлау, отбасылық мерекелер ұйымдастырып, туыстарыңызбен жақындаса түсуге қолайлы. Алайда жаңа үй алу немесе көшу мәселесін кідірте тұрғаныңыз жөн. Құжаттарды рәсімдеуде, үй таңдауда қателесуіңіз ғажап емес. Айдың аяғында шабытыңыз оянып, шығармашылыққа ден қойып, сүйікті ісіңізбен айналысасыз. Жеке өміріңіз де қалыс қалмақ емес. Әр ісіңізде тыңғылықты болсаңыз, діттеген ойыңызға жетеріңіз анық.

БАЛЫҚТАР: Балықтар айдың алғашқы, екінші онкүндігінде көршілерімен, туыстарымен, таныстарымен жиірек араласқанды жөн көреді. Сондықтан жиі қонаққа барып, достарыңызбен кездесіп, өзіңіз де қонақ күтіп, әрі-сәрі боласыз. Ал айдың соңғы онкүндігінде әлемде болып жатқан дүниелерге қызығушылығыңыз төмендеп, уақытыңыздың басым бөлігін үйіңіз бен отбасыңызға арнайсыз. Бұл күндері отбасыңызбен демалып, саяхаттауға тырысыңыз. Айналаңыздағы адамдар мен жағдайларға байланысты байқағыштыңыз артатындықтан, мамырдың 1-2, 6, 9-10, 20, 25 және 29-ы күндері ішкі түйсігіңізге сенім артқаныңыз ләзім. Ал 8,15, 22 мамыр күндері бос қиялдың жетегінде кетуден сақ болыңыз.

Талқылау