Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың қазан айына арналған жұлдыз-жорамал

Қазан айына арналған жұлдыз-жорамал жаңа таныстармен жүздесіп қана қоймай, әлеуметтік желілер арқылы да қарым-қатынас орнатуға кеңес береді. Бұл айда іскерлік келіссөздер, зерттеу жұмыстары мен шеберлік алмасу сәтті болмақ. Оған қоса қазан айы – екі жаққа да тиімді серіктестік үшін тамаша уақыт.

14607995492b1474a615fd7742de8bb5afd21d5938f

Тоқты. Күздің екінші айында Тоқтыларды қызметінде жағымсыз жайттар күтуде. Кей әріптестеріңіз қолдап, достық пейіл танытса, кейбірі сізді күндеп, жеткен жетістіктеріңіз себепті ішін қызғаныш оты өртейді. Жұлдыздар салқынқандылық танытып, жағдайға ақылмен қарап, өз жұмысыңызды тиянақты атқаруға кеңес береді. Ал махаббат мәселесіне тоқталсақ, сүйгеніңізді үнемі қызғанатын боласыз. Өз кезегінде, ол қарым-қатынастарыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан сүйгеніңізден жөн-жосықсыз күмәнданбаңыз, оның үстіне қызғануға себеп те жоқ. Бұл айда пәтер не көлік сатып алуыңыз мүмкін.

Торпақ. Егер Торпақтар бұрыннан бері басшының кабинетіне бас сұғуды ойға алған болса, қазан айында оның сәті түседі. Жалақыңызды не мансабыңызды өсіруді еш қорықпастан батыл сұрауыңызға болады. Белсенділігіңіздің нәтижесі зор табысқа кенелуіңізге алып келеді. Жұлдыздар күздің екінші айында махаббаттың балдай тәтті маусымы басталарын айтады. Сүйгеніңізге сезіміңізді ашық білдіріп, ұсыныс жасаңыз. Және оның «Иә» деп жауап береріне күмәнданбаңыз. Денсаулығыңыз мықты болады. Десе де тұмаудың себебінен жоспарларыңыздың бәрі кейінге қалуы мүмкін.

Егіздер. Жұлдыздар күздің екінші айында өзге қызмет саласын таңдауға кеңес береді. Бұл ретте ұжым мен еңбек шарттарының қуантатынын айта кеткен жөн. Қазан айында Егіздер бала махаббатын жолықтырады. Әр әрекетіңіз бен қадамыңызды ақылға салып, ақымақтық жасап жүрмеңіз. Ал отбасылы Егіздерге тұрмыстық шаруалармен айналысуға тура келеді. Ол үйге не көлікке жөндеу жұмыстарын жүргізу, саяжай құрылысын бастауға қатысты болуы мүмкін. Денсаулығыңыз бен иммунитетіңізді нығайту үшін таңертең жүгіруді әдетке айналдырғаныңыз абзал.

Шаян. Күздің екінші айында  өмірдің қаржылық жағы Шаяндарды қуанта түспек. Бәлкім, ішінде қомақты ақша бар әмиян тауып аларсыз. Бастысы, ақшаның бәрін мағынасыз заттарды алуға жұмсамаңыз. Жұлдыздар қазан айында күмәнді романтикалық танысулардан аулақ болуға кеңес береді. Бейтаныс адаммен төсектес болу денсаулығыңызға байланысты қиындықтар туғызуы мүмкін. Ал отбасылы Шаяндардың шаңырағында көптен күткен сәби дүниеге келеді.

Арыстан. Жұлдыздар Арыстандарға тиімді әрі ұзақ мерзімді жобаларға қаржы салуға кеңес береді. Бірақ, табыстан айырылып қалмас үшін, әу бастан барлық құжатты тексеріп алыңыз. Айналаңызды ідал әрі лайықты серіктестермен толтырсаңыз, міндетті түрде табысқа кенелесіз. Күздің екінші айында сүйгеніңізбен қарым-қатынас барысында қалауын орындап, жол бергеніңіз дұрыс. Болмаған жағдайда, жүрегіңіздің жартысына сезімін толық білдіруге мүмкіндік бермей, көңілін қалдыруыңыз мүмкін.

Бикеш. Қазан айында Бикештер кәсіби тәлімгер ретінде көзге түседі. Сіз өскелең ұрпақпен тәжірибе бөлісу мүмкіндігіне ие боласыз. Егер ақшаңызды майда-шүйде заттарға жұмсаудан бас тартсаңыз, қаржы жағдайы тұрақты болмақ. Бұл айда бар назарыңызды сүйіктіңізге аударып, қамқорлық танытып, іштегі сезіміңізді білдіргеніңіз жөн. Ол сіздің қамқорлығыңызды, махаббатыңыз бен қолдауыңызды қажетсінеді. Сонымен қатар ата-анаңызбен жиі көрісіп тұрыңыз. Оларға қолдауыңыз керек екенін естен шығармағайсыз.

Таразы. Таразылар әріптестер арасында өзін басшы сынды ұстамағаны жөн. Керісінше жағдайда, әріптестеріңізге сізге теріс бұрылып, негізгі жұмыстың бәрін мойныңызға артады. Ал махаббат мәселесіне келсек, алтын күздің екінші айы сіз үшін тамаша уақыт болмақ. Кез-келген жерде арманыңыздағы ғашығыңызды жолықтырып, мәңгілікке қол ұстасуларыңыз мүмкін. Бұл айда жаңа үй алуды, отбасыңызды жаңа мүшелермен толықтыруды ойға алғаныңыз жөн. Қазан айында созылмалы ауруыңыздың асқынуы ықтимал.

Сарышаян.  Егер Сарышаяндар іскерлік мәселелерді кенеттен емес, ақылмен шешетін болса, табысқа жылдам қол жеткізеді. Бұл айда қолға алынған ірі іске қаржы салуыңызға болады. Ол алдағы күндері Сарышаяндарға үлкен әрі шырынды жемісін бермек. Биылғы жылдың қазан айында жеке өміріңізде қиындықтар орын алады. Сарышаяндар көшбасшылыққа ұмтылып, көрпені өзіне қарай тартады. Бұл ретте жұбайыңыздың дәл осындай әрекетке баратынын білгейсіз. Ол отбасындағы дау-дамайға алып келеді.

Мерген. Күздің екінші айында жеке кәсібі бар Мергендерді табыс күтуде. Жаңа серіктестер мен өніміңізді сатып алушылар пайда болады. Мергендерге еш аянбастан көп еңбек ету қажет, сонда материалдық жағдайыңыз жақсарпы, дәулетіңіз арта түседі. Ал аталған жұлдыз белгісі жалғыз болса, қазан айында ерекше, тартымды жанға жолығады. Ол Мергенге рухани қолдау білдіріп, жігер береді. Егер жабырқап, уайымға батсаңыз, табиғат аясында жиі демалыңыз.

Тауешкі. Жұлдыздар Тауешкілерге тиімді жобаға қаржы салуға кеңес береді. Жаңадан серіктестік орнатқан серіктестеріңізге баса назар аударып, сақтық танытыңыз. Егер жалғызбасты болсаңыз, өз Тағдырыңызға сенімге толы қадам басыңыз. Бәлкім, өмірлік махаббатыңыз үйіңіздің алдында күтіп тұрған болар. Бұй айда балаларға айрықша ықылас көрсетіп, камқорлық танытыңыз. Әсіресе, олар отбасында әкесіз не анасыз өсіп жатса. Күздің екінші айында толыққанды демалысты да ұмытпағайсыз. Әйтпесе денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.

Суқұйғыш. Суқұйғыштардың жұмысында әріптестерімен арасында кикілжің туындайтын жағдайлар орын алады. Егер қаржы жағдайы мәз емес болса, кез-келген жолмен ақша табуға тырыспаңыз. Әсіресе заңға қарсы жолмен қалтаңызды қалыңдатудан аулақ болғайсыз. Махаббат мәселесіне тоқталсақ, қазан айында жұлдыздар ішкі түйсікке сенім артуға кеңес береді. Ол отбасындағы қарым-қатынасты қалай сақтау керегін, ұнатқан жаныңызбен берік қатынас құру жолдарын сездіреді. Бұл айда асқазаныңыздың ахуалына мән бергеніңіз абзал.

Балықтар. Қызмет саласында әлденені жылдам өзгертуге тырыспағаныңыз жөн. Қазан айында балықтарға жағдайды салқынқанды қабылдай біліп, өмір толқынымен асықпастан алға жылжуға тура келеді. Жұлдыздар ақшалай сыйақы алып, көлемді дүниеге иелетініңізді айтады. Ал жеке өміріңізде көңілдес әрі сырлас дос бола білетін ерекше жан пайда болады. Бұл айда тұрмыстық жарақат алуыңыз мүмкін. Сондықтан өткір заттарды пайдалануда абай болыңыз.

Талқылау