Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың ең табысты валютасы квача болды

Ағымдағы жылда Замбияның ұлттық валютасы квача әлемнің барлық валютасының өсу қарқынын анықтады. Мұнымен қатар, квача алтын, күміс және өзге де қымбат металлдардан әлдеқайда құндырақ болып шықты.

f6e7f884d406dfb66d28fc3931472b7c

Фото: bankdirect.pro

2016 жылдың алғашқы үш жарым айында долларға қатысты квача 19,9%-ға қымбаттады. Мамандар мұны замбиялық валютаның өткен жылы 42%-ға құлдырауымен байланыстырады. Мұнымен қатар, Замбия экспорттайтын мыстың әлемдік нарықта бағасы өскен. Ал мыс мемлекетке экспорттан түсетін қаржының 70%-ын құрайды.

Өткен жылы валюта бірнеше себепке байланысты құлдыраған болатын: әлемдік нарықта мыстың бағасы арзандады; мемлекетте энергетикаға байланысты дағдарыс болды; бюджет қоры айтарлықтай азайды.


Жіберіп алмаңыз:

Теңге әлемдегі ең әдемі ақша атанды

Путин: Евразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы болуы мүмкін


Өткен жылы ХВҚ аталған мемлекеттің отын мен энергия өндіру саласына ақшаны шектен тыс көп жұмсайтынын ескерткен болатын.

Талқылау